"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

Нұр-Сұлтан,2020ж

5. 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҦЙЫМДАСТЫРУ

5.1 Мектепалды даярлық топтары сыныптары

Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік, танымдық, шығармашылық біліктер мен дағдыларды, әлеуметтендіруді қалыптастыру мен дамыту;

- тәрбиелеу-білім беру процесіне қауіпсіз білім беру ортасын құру;

- тәрбиеленушілердің мектепте оқуына табысты дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды нормативтік қҧқықтық қамтамасыз ету

Білім беру ұйымдары ӛз қызметінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы.

2. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңы.

3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 II Заңы.

4. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы.

5. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).

6. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 қаулысы.

.«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.

8.«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.

9. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.

10.«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығы.

11.«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.

12.«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер кӛрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы.

13.Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бӛлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.

14. «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін кӛрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ӛткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы.

15. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы.

16. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығы. 17.«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.

18.«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы.

19.«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы.

20. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.

21. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығы.

22.«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы.

23. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі балаларды патриоттық рухта, ӛз жеріне деген сүйіспеншілікке, ӛзінің кіші Отанына деген адалдыққа, табиғатқа, жануарларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жобаларын ескере отырып, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие процесіне белсенді тарту бойынша жұмыс жалғастырылады.

Баланы жақсылық жасауға баулитын, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта-отбасы болып табылады. Педагогтердің міндеті - ата-аналарға отбасында, ең алдымен, ата-бабалар қалыптастырған адамгершілік және рухани әдет-ғұрыптар мен құндылықтардың сақталуы және берілуі ерек

 екенін, ата-аналар балаларды тәрбиелеуге жауапты және бала үшін отбасы-бұл тәрбие негізі, адамдарға, табиғатқа деген карым-қатынас қаланатын әлем екенін түсінуге кӛмектесу.

Балалардың құрдастарына мейірімді қарым-қатынасын дамытуға, адамдарға деген құрмет сезімін, игі істер жасауға ұмтылысын тәрбиелеуге ерекше кӛңіл бӛлу қажет .

Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге асырылатын болады:

1) креативтілік-шығармашылыққа деген қабілеттілік, жаңаны ойлап шығару мүмкіндігі. Креативті ойлау дағдылары:

- қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша затты табу;

- екі немесе одан да кӛп объектінің жалпы және әртүрлі белгілерін табу;

- объектінің сипаттамасы бойынша мүмкін болатын әрекеттерді тану;

- бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқа затқа ауыстыру;

- шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру.

Сыни ойлау технологиясын қолдану балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, ӛз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға мүмкіндік береді.

Педагогтің сыни ойлау технологиясының тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдануы балалардың пікірін білдіруін қалыптастырады, дербестігін, жауапкершілігін, әлеуметте бағдарлай білуін дамытады.

2) коммуникативтілік-қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, тіл табысу, үйлесімділік орнату қабілеті (бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілік).

3) командада жұмыс істей білу - бұл бір-бірімен келісе білу, ӛзара пікір алмасуды қолдау, басқа адамдарды түсінуге тырысу, ӛзінің және ӛзге адамдардың әрекеттерін бағалай білу. Командада жұмыс істеу дағдыларын үйрету балаларға кез келген әлеуметте (балабақша, құрдастары және т.б.) бейімделуге септігін тигізеді.

4) сыни ойлау- нәтижелі түрде пікір алмасу үшін қажетті қасиеттерді: тӛзімділікті, ӛз әрекеттеріне жауап беруді, тыңдау қабілетін дамытатын (жұппен және топтық жұмысты қолдану, пікірталас) әлеуметтік ойлау.

Сыни ойлауды дамыту мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- баланың пікірін қалыптастырмас бұрын білім алуға деген ұмтылысын ояту;

- баланы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, ӛз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға үйрету;

- баланы дайын білімді қолданбай, әрекет процесінде туындайтын білімін қолдануға деген ынтасын тәрбиелеу.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ҧйымдастыру

Тәрбиелеу-білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 54 талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру салалары бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады.

Стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары кӛлеміне, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне және оқыту мерзіміне қойылатын талаптар анықталған.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымдарда:

-1 қыркүйектен 31 мамыр бойынша – барлық жас топтары үшін оқу жылы ( Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, меңгеру мерзімі-5 жыл;

-1 маусымнан 31 тамыз бойынша – жазғы сауықтыру кезеңі (ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі-ҰОҚ), сауықтыру іс-шараларын ауа райына байланысты таза ауада ӛткізу ұсынылады).

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

- білім беру ұйымының жылдық жоспарына;

- ӛтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;

- циклограммаға сәйкес іске асырылады.

Жоспарланатын ӛтпелі тақырыптар, олардың реті мен саны педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Педагогтер перспективалық жоспарды бекітілген ӛтпелі тақырыптарға сәйкес құрады.

Білім беру процесінің тиімділігі, сондай - ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі:

бастапқы- оқу жылының басында (қыркүйекте);

аралық-оқу жылының ортасында (қаңтарда);

қорытынды-оқу жылының аяғында (мамырда).

Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог қызметкерлермен тығыз байланыста жүргізеді. Диагностиканың нәтижелері негізінде тәрбиеші мен педагог-психолог тәрбиеленушінің жеке даму картасын құрастырады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты, шектеу шаралары кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбиелеу-білім беру процесін ҧйымдастыру бойынша ҧсынымдар

Ӛңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты, мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтар ӛткізу, ата-аналардың қалауын ескере келесідей форматта: 1) қашық форматта сабақтар (консультациялар) ӛткізу;

2) МДҰ кезекші топтармен сабақтар ӛткізу ұсынылады..

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қашықтан оқыту форматындағы сабақтар (консультациялар) – ата-аналардың жетекшілігімен балалар (кӛбінесе ересек, мектепалды жасындағы балалар) педагогтердің тапсырмаларын оқып, орындайтын үй жағдайында оқыту (консультация).

Тәрбиелеу-білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады.

-1 қыркүйектен 31 мамыр бойынша – барлық жас топтары үшін оқу жылы (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, меңгеру мерзімі-5 жыл);

Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ҧйымдастыру тәртібі

Балалар ата-аналардың қалауы бойынша кезекші топтарға бара алады немесе қашықтан оқи алады. Қашықтан оқыту форматында тәрбиеленушілерге бейнесабақтар ӛткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын консультациялық қолдауды қанағаттандыруға бағытталған.

Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшылары ата-аналардың (балалардың заңды ӛкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында және ересектер тобы, мектепалды тобы балаларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша:

-қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды ӛкілдері) ересектер тобы, мектепалды тобы балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін кӛрсете отырып хабардар болуы;

- қашықтан оқытуды ӛткізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, ғаламтор-ресурстардың тізімін анықтау;

- «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруы;

- педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т.б. кеңінен қолдана отырып, қашықтан оқыту сабақтарының конспектілерін (бейнесабақтармен оқыту) әзірлеуі;

- ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету;

- топтардың контингентін бекіту, сабақ кестесін, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын ересек, мектепалды жастағы балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтан оқытуды ұйымдастырады;

- педагогтермен бірге ересек, мектепалды жастағы балаларды қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді;

-жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;

- қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау педагогтермен ӛткізеді;

- ҰБДҚ мәліметтерін, тәрбиеленушілердің ауысуы, педагогтерінің сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы ақпарат базасын толтырады;

- сабақ кестесін құрады;

- педагогтердің қызметін ұйымдастырады;

- тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге асырады;

- тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды ӛкілдерін) білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.

Педагогтер: әдіскерлермен және басқа да педагогтермен бірге жас топтарына перспективалық жоспар құрастырады;

- сабақтарды ӛткізу жоспарын құрады;

- демонстрациялық материалдар (слайдтар, бейне, аудио, кӛрсетуге арналған заттар (ойыншықтар, муляждар, тұрмыстық заттар және т. б.) дайындайды;

- бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар ӛткізеді;

- ата-аналармен кері байланыс орнатады;

- ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар ӛткізеді.

Мектепке дейінгі ҧйымдарда кезекші топтардың жҧмысын ҧйымдастыру

Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды ӛкілдерінің) ӛтініштері негізінде жүзеге асырылады. Ӛтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады.

Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды ӛкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына ӛз қалауы туралы ӛтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.

Тәрбиеші ӛтінішті әкімшілікке береді.

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі берілген ӛтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтарды құрады.

Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда ӛзгерістер енгізіледі.

Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Басшының атына ӛтініш беру арқылы кезекші топтарға баруды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды ӛкілдеріне тиесілі.

Балалардың ата-аналары немесе заңды ӛкілдері балаларын кезекші топтарға апара отырып, олардың қоғамдық ортада болатынына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық шараларды қолдануға келісімін береді және түсіністік танытады.

Тәрбиеші МДҰ бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім, МДҰ күн тәртібін сақтау және т. б., баланы алдын ала алып келу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін).

Кезекші топтардағы сабақтар перспективалық жоспар мен циклограммаға сәйкес кесте бойынша ӛткізіледі.

Тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалыс режимі сақталады. Күн тәртібі аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды ӛкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы шыққанға дейін ертіп барады.

Ерте жастағы балаларды дамыту (туғаннан бастап 3 жасқа дейін) Жас кезеңдері мен жас топтары (балалардың жасы-оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:

1) бӛбек жасы – 0-3 жас:

нәрестелік жас-туғаннан бастап;

ерте жас- 1 жастан бастап (ерте жас тобы);кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі:

1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағатты;

2) кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағатты құрайды.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі мынадай:

1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;

2) кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат.

Осы жас кезеңінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуы мынадай міндеттерінің табысты шешілуіне байланысты:

баланың денсаулығын нығайту, оны шынықтыру, жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін арттыру;

негізгі қимыл түрлерін дамыту (жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, секіру);

баланың қоршаған ортамен байланысын байыту, күнделікті ӛмірде және баламен арнайы ұйымдастырылған әрекетте ортаның құбылыстарын түсінуге қызығушылықты дамыту, оларды ойын, бейнелеу, музыкалық және басқа да әрекетке ауыстыру;

түсінінетін сӛздер қорын кеңейту және белсенді сӛздік қорды байыту;

заттық әрекеттің алуан түрлілігі: жақын маңдағы заттармен, олардың қасиеттерімен, атқаратын қызметімен және олармен әрекет ету тәсілдерімен таныстыру, қасиеттері бойынша заттарды таңдауды және топтастыруды кӛрсету; ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету бойынша қарапайым әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықтарды жинау) жағымды эмоционалдық ынталандыру және қолдау, еңбек әрекеттеріне қызығушылықты тәрбиелеу, оларды ӛз бетінше орындау ниетін ынталандыру.

баланың тұлғасын дамытуға ықпал ету: әрекет түрлерінде оның дербестігін дамытуға, ӛзін – ӛзі құрметтеу және қадірлеу сезімін әрекетте және қарым-қатынаста табысты бағалау арқылы дамыту үшін жағдай жасау;

ұқыптылық пен тазалықты сақтау дағдыларына баулу;

баланы ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасқа ынталандыру;

барлық тіршілік иелері (жануарлар, ӛсімдіктер) мен заттар әлеміне сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны балалардың ӛзара әрекеті бойынша әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, бейімделуіне, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа), қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларына ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны енгізілген, ол білім беру салаларын кіріктіру және балалар әрекетінің түрлері (ойын, қимыл, дербес) арқылы іске асырылады.

«Әлеумет» білім беру саласында дербестікті тәрбиелеу, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекет дәстүрлеріне баулу бойынша әлеуметтендірудің негізгі міндеттері кӛрсетілген.

Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың ӛмірін дұрыс ұйымдастыру оларды тәрбиелеудің маңызды сәті болып табылады.

Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту міндеттері:

1 жас-1 жас 6 ай:

- түсінетін сӛздер қорын адамның және жануарлардың дене мүшелерін, заттар мен ойыншықтарды, жақын адамдарды білдіретін зат есімдердің есебінен кеңейту;

- белсенді сӛйлеуді дамыту;

- заттарды кӛлемі, түсі, пішіні бойынша ажырата білу;

- заттармен әрекет ету үшін кӛмекші құралдарды қолдана білуді дамыту (тарту, домалату, қозғалу және т. б. );

- балаларды заттардың пішінімен және кӛлемімен таныстыру.

1 жас 6 ай-2 жас:

- қоршаған орта заттарын білдіретін зат есімдердің, заттардың жағдайын және белгілерін, қимылдарын білдіретін етістіктердің, сын есімдердің есебінен пассивті сӛздік қорды кеңейту;

- диалогтік сӛйлеуді дамыту;

- заттар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: заттарды тану үшін жағдай жасау, заттарды топтастыру, түсі, пішіні, кӛлемі және т. б. бойынша сәйкестендіру;

- тӛрт негізгі түсті ажырата білуді дамыту: қызыл, сары, жасыл, кӛк;

- қарапайым заттарды меңгеруге жаттықтыру, оларды күнделікті ӛмірде қолдану.

2 жастан 3 жасқа дейін:

- түсті, кӛлемді, пішінді, сапаны, әрекетті және т. б. білдіретін сын есімдермен, етістіктермен, үстеулермен байыта отырып, белсенді сӛйлеуді дамыту;

- баланы заттар әлемімен таныстыру кезінде жарқын әсерлермен

байытуды жалғастыру;

- әрекетте заттармен түрлі қимылдарды дамыту үшін жағдай жасау;

- түс туралы түсініктерді кеңейту (қызғылт сары, кӛк, қара, ақ);

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту

(3 жастан және 4 жастан бастап)

Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы –оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:

мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:

орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);

ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ).

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі:

- ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағатты;

- ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12 сағатты құрайды

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі мынадай:

- ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11,5 сағат;

- ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12,5 сағат.

Үлгілік оқу жоспарының құрылымында инвариантты және вариативтік бӛлім кӛрсетілген. Инвариантты бӛлім Үлгілік оқу бағдарламасының міндетті бӛлімін орындауды қамтамасыз етеді.

Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты ескеріледі.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:

ортаңғы топ балалары үшін-1 сағатты;

ересек топ балалары үшін- 2 сағатты құрайды.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:

ортаңғы топ балалары үшін - 0,5 сағатты;

ересек топ балалары үшін - 1,5 сағатты құрайды.

Үлгілік оқу жоспарларына келесідей ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

«Қатынас» білім беру саласы:

- «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі мен міндеттері «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді және аптасына 1 сағатты құрайды. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде кӛзделген міндеттер «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен (рӛлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рӛлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.

«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:

- «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық жүктемесі

«Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.

Мектепалды жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту

(5 жастан бастап)

Мектепалды даярлық 5 жастан бастап отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, мектепалды даярлық сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап) (бұдан әрі - Заң).

1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31 бабы).

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:

- балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);

- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);

- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу (құрдастарына кӛмек кӛрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);

- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке кӛшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;

- баланың мектепке деген эмоционалдық-жағымды қарым-қатынасын, оқуға деген ынтасын дамыту.

Білім беру процесі:

- апталық циклограммаға сәйкес ӛткізіледі;

- тәрбиеленушілердің жетістіктеріне мониторинг (бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізіледі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 20 сағат және ҰОҚ ұзақтығы -25-30 мин.

Үлгілік оқу жоспарларына мынадай ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

«Қатынас» білім беру саласы:

- «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі және міндеттері «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді, аптасына 1 сағатты құрайды. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде кӛзделген міндеттер «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен (рӛлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рӛлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.

- «Шет тілі» ҰОҚ алынып тасталды, 1 сағат апталық жүктемесі «Сауат ашу негіздері» ҰОҚ енгізілді және 2 сағатты құрайды.

«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:

- «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық

жүктемесі «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.

Ұйымдастырылған оқу қызметін ӛткізуге қойылатын талаптар-ұйымдастырылған оқу қызметінің рұқсат етілген кӛлемін, ұзақтығын қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымының қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің кӛлемі-2 сағатты, ал қазақ тілінде оқитын балалар үшін вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 3 сағатты құрайды. Апталық жүктеменің жалпы кӛлемі-20 сағат.

Тәрбиелеу-білім беру қызметі Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйым түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен, мазмұнымен негізделген және «Стандартқа қосымшада «Туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесінде» кӛрсетілген тәрбиеленушінің дамуының күтілетін нәтижелерін қамтиды.

Баланың одан әрі дамуы үшін қажетті жетістіктер тізбесі баланың дамуының жалпы әлеуметтік маңызы бар болжамдары, 5 жастан асқан балалардың даму нормалары, белгіленген білім беру мақсатына қол жеткізуге бағытталған ересектер (педагог қызметкерлер, тәрбиеленушілердің заңды ӛкілдері) қызметіндегі бағыт-бағдарлар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҦЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Жаңартылған күні: 11.09.2020 10:40
Құрылған күні: 11.09.2020 10:45

Текст