"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫ МЕН МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДА 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Мазмұны
Кіріспе 4
1 Нормативті құқықтық қамтамасыз ету.................................................... 6
2 Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері............. 7
3 Шектеу шаралары кезінде мектеп жасына дейінгі балалармен............... 9
тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру............................................10
4 Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын............ 16
талаптар
5 Мектепке дейінгі ұйым мен мектепалды сыныбының педагогіне ............17
қойылатын талаптар
6 Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс................... 19
7 Әдістемелік қолдау ..............................................................................20
Қосымша
Өтпелі тақырыптар үлгісі.......................................................................... 21
Перспективалық жоспар үлгісі................................................................. 22
Циклограмма үлгісі .................................................................................32
Күн тәртібінің үлгісі .................................................................................45
Тәрбиеші құжаттамасының тізбесі........................................................... 49
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2021-2022
оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы
әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасында білім
беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуды дамыту моделі негізінде әзірленген, мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мақсаты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,
олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар
жасау болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту
моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім
беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған.
Әдістемелік нұсқау хатта 2021-2022 оқу
жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай
бағыттарды қамтиды:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып,
жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта
құруды;
- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін)
тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;
- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп
тану;
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң
көзқарасын қалыптастыруды;
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе
қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы
когнитивтік дамуы);
- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке
дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі
қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
 ойын арқылы оқыту;
 білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту.
Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте
маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады,
сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру
барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске
асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылды:
Мектепке дейінгі тәрбие
мен білім беруді
дамыту моделі
ҚР Үкіметінің 15.03.2021 ж
№137 қаулысы
1) мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
 мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің
барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау,
дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын
балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
 вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі
әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың
нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
 баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған
трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті
дамытушы орта құруға;
 ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік
құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
 отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
 ерте жастағы балалар үшін жағдай жасауға;
2) балаларға:
 физикалық аман-саулықты;
 әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;
 когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;
 таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;
 бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;
 өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;
 өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;
 командада жұмыс істей білуді;
 сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;
 креативтілікті қолдауды;
 психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;
3) ата-аналарға:
 білім беру процесінің қатысушылары болуға;
 баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды
қамтамасыз етуге;
 баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;
 көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін
арттыруға;
 үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық
көмек алуға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқау хат қосымшасы өтпелі тақырыптар үлгісін,
перспективалық жоспар үлгісін, циклограмма, жас ерекшелігі бойынша күн
тәртібінің үлгісін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау хат жыл бойы www.rc-dd.kz сайтында қолжетімді
болады.
6
1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптары өз қызметінде
мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_
«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343_
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015893
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу жоспарлары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172
Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_
Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау
жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020618
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883
2. ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу-
білім беру қызметін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-Стандарт); Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі-Үлгілік оқу жоспарлары);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан
әрі – Үлгілік бағдарлама) сәйкес жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес
мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша
ұйымдастырады:
1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Үлгілік
бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі);
2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
3) мектеп жасына жеткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі
ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру
ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
-өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
-циклограммаға;
-тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне
(бастапқы, аралық, қорытынды) сәйкес жүзеге
асырылады.
Перспективалық жоспарды оқу жылына арналған
өтпелі тақырыптардың негізінде тәрбиешілер және басқа да педагогтер
(қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімі, музыкалық жетекші, дене шынықтыру
бойынша нұсқаушы және т.б.) құрастырады.
Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны
Педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі (1-қосымша).
Перспективалық жоспарда ұйымдастырылған оқу қызметінің
тақырыптары айқындалады (2-қосымша).
Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп,
оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша білім беру міндеттерін
міндетті түрде орындауды қарастырады.
Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог
Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.
Циклограмма перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға (3-қосымша)
құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, ұйымдастырылған оқу
қызметін (бұдан әрі - ҰОҚ), серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны
ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібіндегі
барлық процестердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Циклограмма – балалармен алдағы табысты жұмыстың мазмұнын,
нысандарын, әдістері мен тәсілдерін таңдауға, жұмыс уақытын қолдануға
нақты бағыт береді.
Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады (4-
қосымша).
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптарын Перспективалық
жоспарға сәйкес анықтау;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды
бөлуде жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;
- Бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды
дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологиялар,
әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін
заттық дамытушы ортаны қалыптастыру.
Педагогтің міндеті – ұйымдастырылған оқу қызметі
барысында балалардың қызығушылықтарын ескеру, әр
баламен сөйлесу. Баланы өзінің әлем туралы түсінігін
құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше
үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау қажет.
Балаларды оқытуда оларды шаршатпай, баланың ынтасын, пікірін және
тілегін ескере отырып, бала үшін қызықты ойын түрінде өткізу ұсынылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің (бұдан әрі - ҰОҚ) басынан бастап
соңына дейін алдын-ала жоспарланған ойын түрімен өткізуге немесе ойынды
өткен материалды бекітуге қолдануға да болады. Ол үшін тәрбиеші
ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбына сәйкес ойынды алдын-ала
таңдауға немесе өз бетінше құруға, сондай-ақ балалардың
қызығушылықтарын ескере отырып, оны түрлендіруіне болады.
Сондай-ақ, ҰОҚ-ін үнемі тек топ бөлмесінде (класта) үстел үстінде ғана
емес, ойын алаңында, сонымен бірге балалар үшін жайлы жағдайларда өткізу
ұсынылады.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекет түрі ретінде:
Дамыту, тәрбиелеу
және оқыту процестері
тәсілдерін өзгерту
Модельдің 22-35 т.
- балалардың оқуына және жан-жақты когнитивті, әлеуметтік және
эмоционалдық дамуына оң әсер етеді;
- оның түрлері көп, ол балалар үшін көңілді және белсенді әрекет,
сипаты бойынша жан-жақты, әлемді тану мен баланы оқытудың жетекші
әрекеті және негізгі тәсілі болып табылады.
Ойын барысында педагогтер балалардың өз тәжірибелерін оң және
теріс деп талдауға, өз эмоцияларын реттеуге үйретеді, сондай-ақ өмірлік
маңызды дағдыларды дамытады.
Білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы
туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның
мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйек
айында, аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында).
Мониторингтің мақсаты:
- баланың жетістіктерін қадағалау;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
- түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін
жетілдіру;
- баланың Бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер
негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму
картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімінде диагностика мәліметтерінің
қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен
мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог мамандармен
тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
3. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтарды
ұйымдастыру (қашықтықтан, кезекші топта, қалыпты
жағдайдағы) нысандары өңірлердегі санитариялық-
эпидемологиялық жағдаяттарға байланысты айқындалады.
1) қашықтықтан сабақтар (консультациялар) өткізу;
2) мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі – МДҰ)
кезекші топтармен және мектепалды сыныптарында
кезекші сыныптар сабақтар өткізу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашықтықтан оқыту
форматындағы сабақтарда (консультациялар) – үй жағдайында оқытуда, ата-
аналардың басшылығымен балалар педагогтердің тапсырмаларын үйренеді
және орындайды.Кезекші топтармен (сыныптар) сабақтар өткізу – тиісті аумақтардың Бас
мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша жергілікті
атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитариялық талаптарды
сақтай отырып, оқу-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру нысаны.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру
Кезекші топтарға қамтылмаған ерте, кіші жастағы балалар үшін
қашықтан сүйемелдеу ұйымдастырылады, онда педагогтер мен тәрбиешілер
ата-аналармен телефон арқылы және әлеуметтік желілер арқылы үнемі
байланыста болады, оларға оқшаулау режимінде мектеп жасына дейінгі
балалардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша және ата-
аналардың балаларды өз бетінше оқытуын ұйымдастыру туралы кеңес береді.
Кезекші топтармен (сыныптармен) қамтылмаған орта, ересек және
мектепалды жастағы балалар үшін аптасына 2 рет ұзақтығы 15 минуттан
аспайтын қашықтық форматындағы ойын түріндегі сабақтар
(консультациялар) өткізіледі.
Қашықтықтан сабақ ұйымдастыру үшін педагог балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес, баланың өз бетінше орындауы үшін немесе ата-
анасымен бірлесіп орындауы үшін ойын түріндегі тапсырмаларды алдын-ала
дайындайды. Мысалы, сурет салудан саусақпен, мақтамен, жүнмен және т.б.
сурет салудың әдістерін көрсете отырып, алдын-ала дайындалған бейне
материалды ұсынуға болады. Сөйлеуді дамыту мен көркем әдебиеттен
алдын-ала шығарманы, өлеңді оқып, сол аудио жазбаны қайталап айтуға, ал
математика негіздері мен құрастырудан түрлі сюжетті-рөлдік және басқа да
ойындар арқылы тапсырмалар ұсынуға болады. Ата-ана мен баланың
бірлескен әрекетін ұйымдастыруда түрлі челлендждер, жарыстар
ұйымдастыруға болады.
Ата-анасы жұмыста болған жағдайда, педагог алдын-ала әзірленген
материалды балалар мен ата-аналардың бірлесіп орындауы үшін әлеуметтік
желідегі (WhatsApp, Facbook, Instagram және т.б.) топтарға жіберу
ұсынылады.
Қашықтықтан оқыту үшін білім беру интернет-платформаларын,
сондай-ақ электрондық поштаны және басқа байланыс құралдарын
пайдалану ұсынылады.
Оnline.edu.kz, BilimKids білім беру платформаларында балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген мультфильмдер, аудиожазбалар,
бейнесабақтар үлгілері, сонымен қатар мектепалды даярлыққа арналған
бейне сабақтар орналастырылған парақшалар ашылған.
Кезекші топтардың (сыныптардың) жұмысын ұйымдастыру
Кезекші топтардың (сыныптардың) жұмысы ата-аналардың
(балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде
санитариялық талаптарды қатаң сақтаған кезде жүзеге
асырылады.
Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар
арқылы қабылданады. Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің)
өтініштері негізінде толымдылығы 15 балаға дейінгі кезекші топтар
(сыныптар) құрылады.
Контингенті, кестесі, жұмыс кестесі педагогикалық кеңестің
отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.
Кезекші топтардағы (сыныптардағы) тәрбиелеу-білім беру процесі білім
беру ұйымының бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі кесте бойынша перспективалық жоспар
мен циклограммаға сәйкес жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарында күн сайын медицина қызметкері балалар мен
барлық қызметкерлерді таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері
анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Ауру белгілері
анықталған жағдайда балалар ата-аналарымен бірге үйлеріне жіберіледі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім беру ұйымының
сыртқы есіктеріне дейін балаларды ертіп келеді. Педагог балаларды
кіреберісте қарсы алып, топқа (сыныпқа) апарады.
Білім беру ұйымы дезинфекциялау құралдарының қорымен
(кіреберістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды,
дезинфекциялық тазалауды қамтамасыз етуге арналған құралдар) қамтамасыз
етіледі.
Білім беру ұйымында:
- тәрбиеленушілер мен педагогтердің, басқа да қызметкерлердің қарым-
қатынас жасауын қысқарту;
- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарын
барынша пайдалану;
- тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің дене қызуын күнделікті өлшеу;
- әр сабақтан кейін топтарда (сыныптарда), дәліздерде, холлдарда және
басқа да үй-жайларда ылғалды тазалау, қосқыштарды, есік тұтқаларын,
таяныштарды, баспалдақ марштарын, терезе алдын дезинфекциялау;
- медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі (күн
сайын дене қызуын өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған
жағдайда оқшаулау үшін барлық топты (сыныпты) қашықтан оқытуға
көшіруді, топ (сынып) балаларының жай-күйін бақылауды, топты (сыныпты)
штаттық режимге қайтаруды қамтамасыз ету);
- балалардың кіруі мен шығуы үшін балабақшаның әр жас тобындағы
жеке кіру және шығу жолдары қамтамасыз етіледі.
Тамақтану режимі, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалу
сақталады.
Баланың білім беру ұйымында болуы аяқталған соң ата-аналар немесе
заңды өкілдер балаларды алып кетеді, педагог баланы сыртқы есікке
дейін ертіп барады.
Бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші жұмыс кестесіне
сәйкес кезекпен қашықтықтан сабақтар өткізеді (егер бір тәрбиеші
кезекші топта жұмыс істесе, онда екінші тәрбиеші кезекші топтарға
қамтылмаған балаларға қашықтықтан сабақтар ұйымдастырады және
керісінше).
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған кезде
санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім беру ұйымының
штаттық режимде жұмыс істеуіне біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.
Ерте жастағы балаларды дамыту (1 жастан бастап)
Стандартқа сәйкес ерте жас тобының жас кезеңдері және жас топтары
мынадай:
1) бөбек жасы – 0-3 жас:
нәрестелік жас – туғаннан бастап;
ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ).
Топтар санитариялық қағидаларға сәйкес толықтырылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі:
1) ерте жас тобында (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минут (7 сағатты);
2) кіші топта (2 жастан бастап)-ұзақтығы 10-15 минут (9 сағатты)
құрайды.
Ерте жастағы баланы дамыту оның жеке және жас ерекшеліктеріне
сәйкес іске асырылады. Балалардың дамуындағы жетістіктерін қадағалау
олардың әрекет түрлерінде белсенділігін бақылау барысында жүзеге
асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны «Денсаулық»,
«Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына
негізделген және оларды әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы кіріктіру
жолымен іске асырылады.
Ерте жастағы балаларды дамытудың негізгі міндеттері - балаларды
әлеуметтендіруге, дербестікке тәрбиелеуге, әлеуметтік-тұрмыстық және
әлеуметтік-коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамытуға, оларды
әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне
баулуға бағытталған.
Осы міндетті іске асыру мақсатында балаларды тәрбиелеу мен оқыту
мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдар жанында консультациялық
пункттердің жұмысын жетілдіру ұсынылады.
Консультациялық пункттердің мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалары мектепке дейінгі
ұйымдарға бармайтын ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету болып
табылады.
Міндеттері:
- ата-аналар қауымдастығына мектепке дейінгі ұйым мамандарының
психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуін жүзеге асыру;
- балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайларына бейімдеу және
әлеуметтендіру;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін
арттыру;
- мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ықтимал
бұзылыстардың алдын алу және уақтылы теңестіру.
Консультациялар өткізу үшін тақырыптардың үлгі тізбесі:
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі
балаларды әлеуметтендіру;
- ерте жастағы балаларды дамытудың жас кезеңдері;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыру;
- үй жағдайында ойын әрекетін ұйымдастыру;
- балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасау және т. б.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы – оқу жылының
басындағы толық жасы) мынадай:
2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:
орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);
ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ).
Балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі:
- ортаңғы топта (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минут (11сағатты);
- ересек топта (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минут (12 сағатты)
құрайды.
Балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі
мынадай:
- ортаңғы топта (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минут (11,5 сағат);
- ересек топта (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минут (12,5 сағат).
Үлгілік оқу жоспарының құрылымында инвариантты және вариативтік
бөлік көрсетіледі. Инвариантты бөлік міндетті бөлімнің орындалуын –
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке
ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің
бағыты, штаттық кестеге сәйкес кабинеттердің және мамандардың болуы
ескеріледі.
Тәрбиелеу мен оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік
компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:
ортаңғы топ балалары үшін – 0,5 сағатты;
ересек топ балалары үшін – 1,5 сағатты құрайды.
Тәрбиелеу мен оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік
компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі мынадай:
ортаңғы топ балалары үшін – 1сағатты;
ересек топ балалары үшін – 2 сағатты құрайды.
Мектепалды даярлық
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында,
мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм
беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды
сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- балаларда оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының
дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып
оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік,
дербестік, ынталық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу
(құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі
ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді
қамтамасыз ету;
- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын
дамыту.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес
жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында оқу
процесі 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға
дейін жүзеге асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасының мазмұнын іске асыру кезеңі).
Оқу жылы ішінде 1-сыныптың каникул кезеңіне сәйкес каникул
белгіленеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарында каникул
кезеңі қарастырылмаған.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
- өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
- циклограммаға;
- тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (бастапқы, аралық,
қорытынды) сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын негізгі талап -
санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, рұқсат етілген көлем мен
ұзақтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі –
ұзақтығы – 25-30 минуттан 20 сағатты құрайды.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік
компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда өңірлік
ерекшеліктер, балалардың қызығушылықтары, ата-аналардың тілектері мен
білім беру ұйымы қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін вариативтік компоненттің
апталық оқу жүктемесінің көлемі -2 сағатты, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін
балалар үшін -3 сағатты құрайды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес
мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу
үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.
Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады:
 Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ҰОҚ өткізеді;
 перспективалық жоспар және циклограмма құрастырады;
 режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі
қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері (ойын,
шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т. б.), серуен,
жеке жұмыс, сауықтыру шаралары және т. б.);
 диагностика (бастапқы, аралық және қорытынды) арқылы
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;
 ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
 білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады;
(жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар
және т. б.);
 ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс-
шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «жазғы айларда мектепалды
даярлықты күшейту» міндеті қойылды (92-тармақ).
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында жалпы
білім беретін мектептер жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ
мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына
бармаған балалар үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды
даярлық курстары өткізіледі.
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш
мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік
дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін
қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасының негізінде әзірленген (www.rc-dd.kz) және «Денсаулық»,
Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын
кіріктіру арқылы іске асырылады.
Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін
қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға
бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара байланысты кіріктірілген
сабақтар жүйесін ұсынады. Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын-
сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест,
логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала
оқу міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді.
4. ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың
психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны
дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті
ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену
қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды
пайдалану.
Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін
пайдалануға, қызығушылықтары мен
мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен
ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру
нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған
мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.
Дамытушы орта баланы әрекетке ынталандырады, оны тұлға ретінде
дамытады, қабілеттерінің ерте көрінуіне ықпал етеді.
Осылайша, заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың
психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес
кеңістікті ұйымдастыру және жабдықтар мен басқа да жарақтарды
пайдалану.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
- қауіпсіз;
- қолжетімді;
- әртүрлі;
- мазмұнды;
- көп атқарымды;
- өзгермелі;
- тартымды.
Жас топтары бойынша заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға
қойылатын талаптар:
1) ерте жас тобында және кіші топта:
танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік
қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды
ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы
дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи
материалдардан жасалған ойыншықтар.
2) ортаңғы топта:
дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға
арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол
еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға
арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық
қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, шағын
модельдер.
3) ересек және мектепалды топтарында (сыныптарында):
дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар,
сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі
материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар,
боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті
ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары,
ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің
адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар
журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.
Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру
барысында барлық топтарда ойыншықтар мен ойын материалдарын
толықтырып отыру қажет.
Көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды
(арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында
балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық
шешім қабылдауында қолданылатын болады.
5. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН МЕКТЕПАЛДЫ
СЫНЫБЫНЫҢ ПЕДАГОГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог
мамандығының мәртебесін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып
табылады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту
моделінде (бұдан әрі - Модель) белгіленген.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды
дамытудың жаңа моделіндегі педагогтер өз
ұйымдарындағы өзгерістердің агенттері болуға тиіс.
Ол үшін білім беру процесін ұйымдастырушыдан
баланы дамыту мен оқыту процесінің
Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту педагогі
Модельдің 44, 52 т.
фасилитаторы рөліне өз рөлін өзгерту қажеттілігі талап етіледі. Педагогтер
үнемі оқып, зерттеу жүргізіп, балалардың даму процесін бақылап және
күнделікті жұмысына рефлексия жасай отырып, өздерін балалар рөлінде,
сондай – ақ педагогтер ретінде көруі тиіс. Педагогтің үнемі даму,
балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни
тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті
маңызды.
Педагог ұйымдастырылған оқу қызметі мен режимдік сәттердің білім
беру міндеттерін айқындауда тәсілдерді өзгертуі қажет: балаларға үйрету
емес, дербес шешім қабылдау үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға,
зерттеуге, салыстыруға және осы әрекеттерді бағдарлауға мүмкіндік беру
ұсынылады.
Педагогтер үнемі өзін-өзі бағалау процесінде инновацияшыл және
жауапты бола алады, сонымен қатар белгіленген құжаттаманы уақтылы және
ұқыпты жүргізеді (5-қосымша). Балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде
білім беру ұйымының әрбір педагогінің рөлі маңызды, сондықтан ұйымның
әр қызметкері қажетті біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.
Мектепке дейінгі білім беру саласының педагогтері мен басқа да
қызметкерлері жұмысының негізгі қағидалары:
- оқытудың кіріктірілген тәсілі;
- баланы толыққанды дамыту;
- ойын арқылы оқытуға баланы тарту;
- балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау;
- маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;
- инклюзивті білім беру кеңістігін құру;
- баланың жеке басын құрметтеу;
- баланы дамыту мақсатында күтім жасау.
Педагогтің құзыреттілігі:
- баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну;
- баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі;
- баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды
жақсы көру;
- көшбасшылық дағдылары, мәселелерді шешу және сабақтың
жоспарларын әзірлеу;
- сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі;
- өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру;
- эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514
бұйрығымен бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін
пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен
Ата-аналармен және
ата-аналар
қауымдастығымен
жұмыс
ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар
конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық
жарыстардың тізбесіне енген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік
педагогы» және «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері»
республикалық конкурстарына қатыса отырып, кәсіби педагогикалық
қызметтегі өз жетістіктерін, балалармен өз жұмысының, ата-аналармен
бірлескен жұмысының нәтижелерін көрсете алады.
6. АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН
ЖҰМЫС
Модельдің 48-51 т.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі алдына
Модельді іске асыруда балаларды тәрбиелеу мен оқыту
үшін жауапкершілікті жүзеге асыруда ата-аналарға
көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық
процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту
мақсаты қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізуде
мектепке дейінгі ұйымдарды мен мектепалды сыныбының қызметін үйлестіру
үшін:
1) әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;
2) балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен білім беру
ұйымының күш-жігерін біріктіру;
3) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын,
педагогикалық процеске қатысушылардың арасында қарым-қатынасқа деген
оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;
4) балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы
ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау
көзделеді.
Ата-аналармен жұмыста ата-аналар жиналыстарының жаңа
форматтары, олар тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері», ата-
аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, ата-аналар конференциясы,
ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке
дейінгі ұйымға аударуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас
нысандары түрінде өтуге тиіс, ата-аналар өз баласын жақсы білуі керек, оны
басқа, өзі үшін таныс емес жағынан көруі тиіс, педагогтермен өзара қарым-
қатынаста болуы қажет. Сонымен қатар, жеке және топтық
консультациялар, ата-аналар жиналыстарын, проблема бойынша
пікірталастар, «ауызша журналдар», педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-
жауап кештерін, «ток-шоу» өткізу, ұйымдастырылған оқу қызметінің
бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау және
басқалары ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-
аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу,
талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты
талқылау ұсынылады.
Отбасымен жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
- ашықтық;
- ынтымақтастық;
- формализмнің болмауы;
- белсенді дамытушы орта құру;
- диагностика;
- бақылау.
Педагогтердің міндеті ата-аналармен өзара қарым-қатынастың оң
эмоционалды микроклиматын құру, отбасын біріңғай білім беру кеңістігіне
тарту болып табылады.
7. ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді
әдістемелік қолдауды «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық
орталығының www.rc-dd.kz. порталы қамтамасыз етеді.
Сайтта:
- мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық
актілер (НҚА айдары);
- әдістемелік ұсынымдар, құралдар және т.б. (әдістемелік әзірлемелер
айдары) ( «Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас)
ата-аналарына арналған консультациялық пункттер құру бойынша
әдістемелік ұсынымдар», «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа
мерзімді курстарын ұйымдастыру әдістемелік ұсынымдар, Мектеп
жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,
даму деңгейлерін бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдар );
- Орталықтың жылдық жұмыс жоспары:
- республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ
өткізілген іс-шаралардың қорытынды ақпараттары және т. б.
орналастырылған.
Сонымен қатар Орталықтың сайтында «Дана бала» республикалық
ғылыми-ақпараттық журналы (әдістемелік материалдар айдары)
орналастырылған, онда мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері өз
мақалаларын жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын
талаптар мен ережелермен танысуға болады.
Бұл портал қолжетімді, материал тегін жүктеледі.
Сонымен қатар, сайтта Jivosait айдары жұмыс істейді, онда Орталық
мамандары педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының сұрақтарына
жауап береді.Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар орналастыру
үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp)
мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің чаты құрылған.
1 қосымша
Өтпелі тақырыптар үлгісі
Күнтізбелік айдағы тақырыптар саны мемлекеттік және ұлттық мерекелерге,
маусымдық іс-шараларға, өңірлік және климаттық ерекшеліктерге және т. б. байланысты
өзгеруі мүмкін.
Өтпелі тақырыптардың мақсаты жас тобына, білім беру салаларына, ҰОҚ түрлеріне
байланысты болады.
1. «Балабақша»
2.«Менің отбасым»
3. «Дені саудың жаны сау»
4. «Менің Қазақстаным»
5.«Табиғат әлемі»
6. «Бізді қоршаған әлем»
7. «Салт-дәстүрлер және фольклор»
8.«Біз еңбекқор баламыз»
9.«Әрқашан күн сөнбесін»
10. «Өнер көзі – халықта»
11. «Мен және қоршаған орта»
12. «Тірі және өлі табиғат»
13. «Жабайы табиғат әлемі»
14. «Біз мектепке барамыз»
15. «Қош келдің Алтын күз!»
16. «Қызықты қыс мезгілі!»
17. «Алғашқы тамшылар»
18. «Жайдары жаз келді!»
19. «Жомарт күз»
20. «Ас атасы – нан»
21. «Жыл құстары»
22. «Жайнай бер, Қазақстаным!»
23. «Алақай, қыс келді!»
24. «Қыстайтын құстар»
25. «Қыс қызығы»
26. «Қош келдің, Жаңа жыл!»
27. «Күз сыйы»
28. «Жаңа жылдық сыйлықтар»
29. «Аңдардың қысқы тіршілігі»
30. «Қардың пайдасы»
31. «Көктем жаршысы – құстар»
32. «Жылғалардан су ақты»
33. «Ғарышқа саяхат»
34. «Жер-Ана!»
35. «Аспан әлемінің планеталары»
36. «Бір шаңырақ астында»
37. «Бейбітшілік қорғанында»
38. «Көктемгі ағаштар»
39. «Көктемгі егістік»
40. «Табиғаттың гүлденуі»
41. «Жаз да келді көңілді»
42. «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл
де, талап қыл!»
43. «Техника және біз»
44. «Ертең сабақ басталады»
45. «Өнер көзі – халықта»
46. «Мен және қоршаған орта»
47. «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»
48. «Әрқашан күн сөнбесін»
49. «Көлік»
50. «Ғажайыптар әлемінде»

Жаңартылған күні: 22.09.2021 15:37
Құрылған күні: 22.09.2021 15:37

Текст