Текст
01.09.2022
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады. Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысы бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, былтырмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемі 111,5 пайыз, өндеу өнеркәсібінің көлемі 105,5 пайыз өскен. Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді. Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек. Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген. Сондай-ақ күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек. Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661934883
01.09.2022
Президент Казахстана принял заместителя Премьер-министра – министра иностранных дел Катара В ходе встречи были обсуждены перспективы развития казахско-катарских отношений. Особое внимание было уделено расширению торгово-экономического сотрудничества, в том числе реализации совместных инвестиционных проектов в ключевых секторах экономики. Собеседники рассмотрели взаимодействие в рамках международных организаций, а также обменялись мнениями по актуальным вопросам региональной повестки дня. Глава государства приветствовал проведение первого заседания диалоговой площадки руководителей внешнеполитических ведомств государств Центральной Азии и Персидского залива, которое состоится в Эр-Рияде в сентябре. Мохаммед бен Абдулрахман Аль Тани передал Касым-Жомарту Токаеву приветствие Эмира Катара и подтвердил его приезд в Казахстан в ближайшее время.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661927001
01.09.2022
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады. Хотите быть всегда в курсе всех брифингов? Подписывайтесь на наш канал в Telegram! https://ortcom.kz/kk/novosti/1661915489
https://ortcom.kz/ru/novosti/1661915489
01.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы. Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын! Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті. Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді. Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер!
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661831422
01.09.2022
Конституцияға енгізілетін жаңа түзетулер құқық қорғау әлеуетін нығайтуға бағытталған – Омбудсмен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ҚР Конституциясына енгізілген жаңа түзетулер, адам құқықтары мен бостандықтары, Конституциялық соттың рөлі, сондай-ақ Омбудсмен институтының алдында тұрған міндеттермен бөлісті. «Биыл жазда өткен республикалық референдумда халықтың 77% - дан астамы конституциялық түзетулерге дауыс берді. Бұл Мемлекет басшысы мен билік органдарына сенім арту деп білемін. Қыркүйек айында Парламент қабылданған конституциялық түзетулерді іске асыру үшін Үкіметтің әзірлеген заң жобаларын қарауға кіріседі. Біз заң жобаларын, соның ішінде Конституциялық Сот туралы, Уәкіл туралы және Прокуратура туралы конституциялық заңдарды талқылауға белсенді қатысуымыз керек. Оларды қабылдау жақын арада жоспарланып отыр», дейді Э.Әзімова. Омбудсменнің конституциялық мәртебесі еліміздің Ата Заңында алғаш рет бекітілді. Азаматтардың құқықтарын қорғауда және қалпына келтіруде Омбудсмен өз қызметінде мемлекеттік органдардан тәуелсіз болуы үшін бұл нормаларды Конституция деңгейінде бекіту туралы шешім қабылданды. «Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда адамның құқығы мен бостандығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты деген қатаң түсінікті қалыптастыруымыз қажет. Атқарушы мемлекеттік органдар өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайда, Уәкіл жәрдемдесуге және оларды құрметтеу туралы білімді насихаттауға ықпал етуі қажет», деп атап өтті Уәкіл. Мұнда жаңадан құрылған органның рөлін де атап өту керек. Бұған дейін мемлекет тарихында Конституциялық сот болған, ол 1992-1995 жылдары қызмет атқарған. Кейін ол Конституциялық кеңес болып өзгерді. «Бұл құрылып жатқан Конституциялық Соттың артықшылығы - Президенттен, Парламент депутаттарынан, Премьер-Министрден басқа, енді бұл сотқа азаматтардың өздері, Омбудсмен (уәкіл) және Бас прокурор өтініш жасай алады. Яғни заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституция нормаларына сәйкестігін конституциялық бақылауды талап ете алатын субъектілер шеңбері едәуір кеңейді». Конституциялық соттың құрамына 11 судья кіреді, олардың төртеуін Ел Президенті тағайындайды, қалған үш-үш судьядан Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Әзімованың айтуынша, қазіргі уақытта Уәкілдің аймақтық өкілдіктерін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін жүгіну қолжетімді болмақ. Олар осы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. «Уәкіл институты мен оның аппаратына мемлекеттік билік пен халық арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл ретте, белсенді әрі қамқор азаматтар, кәсіби заң кеңесшілері, медиаторлар, адвокаттар, үкіметтік емес ұйымдар біздің сенімді серіктестеріміз болып табылады. Мемлекеттік органдар да олардың қатарында. Өйткені олар құқық бұзушылықтарға әкеп соққан өз шешімдерін бойынша жедел шаралар қабылдауы тиіс. Біздің жұмысымыз Конституцияның 1-бабында белгіленген адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең қымбат қазынасы деген мақсатқа сай болуы тиіс», - деп түйіндеді Э.Әзімова.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661832509
01.09.2022
ҚР Президентінің Жолдаулары қалай жүзеге асырылуда 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды, оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады деп күтілуде. Жолдау қарсаңында Primeminister.kz редакциясы Мемлекет басшысының 2021 жылғы қыркүйек және 2022 жылғы наурыздағы Жолдауларының іске асырылуы қазақстандықтардың өміріне қалай әсер еткені туралы шолу дайындады. Жалақыны көбейту, бизнесті қолдау, білім беруді жақсарту және инфрақұрылымды жаңғырту: ҚР Президентінің Жолдаулары қалай іске асырылып жатыр Жалақыны және әл-ауқатты арттыру Президенттің қыркүйек айындағы Жолдауын орындаудың алғашқы және негізгі қадамдарының бірі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 60 мың теңгеге дейін көбейту болды. Бұрын 42 500 теңгені құраған бұл көрсеткіш 2018 жылдан бері өспеген. Бұл шара елдегі шамамен 1,7 млн қазақстандықтың табысын ұлғайтуға мүмкіндік берді, олардың экономикалық белсенділігі мен сатып алу қабілетін арттырды. Сонымен қатар биыл әлеуметтік төлемдер екі рет индексацияланды. Бұл 4,1 млн адамға әсер етті, оның 2,2 млн-ы – зейнеткерлер. Жалпы мультипликативтік әсердің арқасында ЕТЖ ұлғаюы елдің экономикалық дамуының көптеген көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Сондай-ақ 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақыларын кезең-кезеңмен жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыру басталды. Бұл шара 600 мыңға жуық адамды қамтыды, олардың ішінде бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б. бар. 2025 жылға дейін осы жұмысты жүргізу үшін Үкімет деңгейінде барлық қажетті нормативтік актілер қабылданды. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам азаматтық қызметші, оның ішінде ұстаздар, дәрігерлер және әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының артқанын атап өткен жөн. Азаматтардың әл-ауқатына әсер еткен тағы бір үлкен қадам бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ынталандырудың шаралар кешенін әзірлеу болды. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы он жылда еңбекақы төлеу қорының өсімі кәсіпорын иелері табысының өсімінен шамамен 60%-ға артта қалған. Осы жұмыс аясында микро және шағын кәсіпкерлік үшін жүктемені 34-тен 25%-ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу, реттелетін сатып алуға қатысу жөніндегі талаптардың өзгеруі, сондай-ақ жалақыны өсіретін кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау көзделген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661915955
01.09.2022
ҚР ИИДМ жыл басынан бері Мемлекет басшысының 95 тапсырмасын орындады Бұл туралы ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев өзінің Telegram арнасында жазды. «Өздеріңізге мәлім, биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында біздің министрлікке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында біз аталған екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындап, ол Үкімет мүшелері тарапынан қолдау тапты. Осылайша, «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біртұтас жол компаниясына біріктірілді. Бүгін екі жол операторын қосу жұмыстары басталды. Таяу арада аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру жоспарлануда», – деп жазды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Сондай-ақ ол жыл басынан бері Мемлекет басшысының 95 тапсырмасының орындалғанын атап өткен. Олардың қатарында автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын отандық зауыттарға кең көлемдегі тексеру жұмыстарының жүзеге асқаны, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламаларының іске қосылуы, соңғы үш жылда салынған үйлерге ревизия жүргізілгендігі, арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыруға және АЭА Басқарушы компанияларының кадрлық құрамын нығайтуға арналған Жол картасы қабылдануы, халықаралық жүк тасымалын дамыту үшін ұйымдастыру іс-шараларының жоспары әзірленуі сынды жұмыстар бар. Сонымен қатар ҚР ИИДМ басшысы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына жалдамалы тұрғын үйді субсидиялауға арналған өтінімдер қабылдайтын цифрлы платформасы мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың цифрлық жүйесі болып табылатын «Е-шаңырақ» ақпараттық жүйесінің іске қосылғанына тоқталған. «Қорытындылай айтқанда, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда және олар дер кезінде орындалуда», – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев. https://ortcom.kz/kk/novosti/1661673120
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661673120
01.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне жойқын су тасқынына байланысты көңіл айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы жеделхатта Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1661755327
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661755327
01.09.2022
Семей ядролық полигонының жабылғанына 31 жыл толды 29 тамыз - Қазақстан Республикасы, әлемдік қоғамдастық және жаһандық антиядролық қозғалыс үшін тарихи күн. Бұл күні 1991 жылы Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Невададағы полигоннан кейін қуаты жөнінен әлемдегі екінші орында тұрған "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" Жарлыққа қол қойды. Бүгін еліміз үшін тарихи және маңызды оқиғаға 31 жыл толды. Семей ядролық сынақ полигоны - өзінің қиратушы күші бойынша әлемдегі төртінші ядролық әлеует – 1947 жылғы тамызда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылды, ол кезде ол "№2 оқу полигоны" деген шартты атауға ие болды. Бұл алаңдағы ядролық қарудың алғашқы сынағы 1949 жылдың 29 тамызында өткізілді. Жалпы, Семей ядролық сынақ полигонының 40 жылдық қызметі нәтижесінде адамдардың денсаулығына келтірілген залал орасан зор. Бұрынғы Семей облысының барлық аумағы ядролық жарылыстар өнімдерімен ластануға ұшырады, ал 1,2 миллион адам әртүрлі доза ауқымында радиациялық сәуле алды. 1989 жылғы 12 ақпанда кезекті сынақтан кейін радиоактивті газдар жер бетіне шығарылды. 2 күннен кейін сынақ эпицентрінен 110 шақырым жерде радиациялық фон сағатына 4 000 микрорентгенді құрады. Бұл оқиға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Олжас Сүлейменов басқарған антиядролық қозғалыстың республикадағы құрылуына түрткі болды. 1989 жылғы 26 ақпанда тікелей эфирде өткен теледидарлық баяндамада ол Қазақстандағы ядролық сынақтарды тоқтату қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. 1989 жылдың 28 ақпанында Алматыдағы Жазушылар одағы ғимаратының алдында өткен митингте "Невада-Семей" антиядролық қозғалысын (кейін - "Невада – Семей") құру туралы шешім қабылданды. Ол 1989 жылдың сәуірінде ресми түрде тіркелді.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1661756105
19.08.2022
Біздің балабақшада 2022-2023 оқу жылының басталуына дайындық бойынша қабылдау комиссиясы жұмыс істеді. Балабақшадағы өрт қауіпсіздігі, терроризмге қарсы қорғаныс, қоғамдық тамақтану бөлімі, медициналық кабинет және дамып келе жатқан орта мәселелеріне ерекше назар аударылды. Біздің балабақша оқу жылының басталуына толықтай дайын.