Текст
07.09.2022
2022-2023 жылыту маусымы: орталық жылумен жабдықтау қазандықтарының 90% жөнделді және дайындалды 2022 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ел өңірлеріндегі энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындығы барысы туралы айтып берді. 2 қыркүйектегі жағдай бойынша «KEGOC» АҚ электр станцияларында графикке сәйкес 4 энергоблокта, 25 қазандықта, 23 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды және 4 энергоблокта, 27 қазандық пен 16 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі сатыда. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 487 орталықтандырылған жылу қазандығында 1073 қазан жөндеуден өтіп, жаңа жылыту маусымына дайындалды, бұл жалпы жоспардың 90 % құрайды. Электр желілерінің дайындығы желілер бойынша 70 %-ға, кіші станциялар бойынша 46 %-ға бағаланады. Электр беру желілерін жоспарланған жөндеудің жалпы ұзындығы 20 201 км, сондай-ақ жоғары вольтты кіші станциялардың 712 бірлігін құраған болатын. Бүгінгі күні 14 047 км электр беру желілері мен 331 кіші станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр желілерін жөндеу жұмыстары бекітілген графиктерге сәйкес жүргізіледі және белгіленген мерзімде аяқталады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған. Сонымен қатар энергетикалық кәсіпорындары күрделі жөндеу жұмыстарын 2023 жылға ауыстырған өңірлер де бар: Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласы.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1662439603
07.09.2022
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының басшылығымен жұмысқа кірісіп кетті. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Алдағы төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жаңа буынмен толықпақ. Оның ішінде 8 мыңға жуық жас Қарулы күштердің қатарына қосылып, 6 мыңнан астам бозбала Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астам адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 300-дей жас Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100-ге жуық азамат Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады. Әскерге шақыру SMS-хабарламалар немесе үйіне және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді. Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары әскерге шақыру комиссияларын басқарады. 7 қыркүйектен бастап жаңа құрамалар жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін болады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1662375495
07.09.2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%-ды, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5%-ды құрайды. Шешім қалыптасқан экономикалық жағдайды, тәуекелдер теңгерімін, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып қабылданды. Логистикалық қызметтер құнының өсуінен, сауда әріптесі болып табылатын елдердегі жоғары инфляциядан және теңге бағамының рубльге қатысты әлсіреуінен туындаған сыртқы сектор тарапынан қысым сақталуда. Дегенмен әлемдегі азық-түлік бағасы төмендеп келеді. Бағаның өсуіне түрткі болған ішкі қозғаушы күштер арасында әлемдік нарықтардан кейін азық-түлік бағасының төмендеуін тежейтін және орта мерзімді перспективада сұраныс тарапынан жоғары қысым көрсететін ынталандырушы фискалдық серпінді атап өтуге болады. Жоғары инфляция ішкі бағалардың сыртқы баға өзгерістеріне бейімделуіне негізделген, бұл қазіргі кезеңде ақша-кредит талаптарын қосымша қатайтуды талап етпейді. Бұдан басқа, 2022 жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің айтарлықтай артуының экономикаға әсері әлі де болса соңына дейін байқалмай отыр және шараларды түзету үшін кейіннен тиісті бағалау жүргізу қажет. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі қаржы нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдау үшін жеткілікті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1662373479
07.09.2022
В. Дудник Алматының бірқатар медициналық мекемелерінің жұмысымен танысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Алматыға жұмыс сапарымен келді. Ол бірқатар медициналық ұйымдарға барып, халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарымен танысты. 47 жылдан астам уақыттан бері халықтың репродуктивті денсаулығын қорғаумен айналысып келе жатқан Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығын бірінші аралады. Вице-министр жыл сайын 7000-нан астам жоғары қаупі бар жүкті әйелге және гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетілетін орталық клиникасының, сондай-ақ эндокринология, биохимия және медициналық генетика бойынша ғылыми зертханалардың жұмысымен танысты. «Мемлекет үшін балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсету басымдық болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық және медициналық көмек көрсетумен қатар, оңалту деңгейін көтерумен бірге ана мен баланы қорғауға ерекше көңіл бөлуде», - деді В.Дудник. Сондай-ақ, вице-министр "Алатау" Балалар клиникалық шипажайында болды. Бұл соматикалық инфекциялық емес ауруларды емдеудің дәрілік емес әдістері қолданылатын таулы-климаттық курорт. Климатотерапия 100 адамға есептелген шипажайдың жетекші бағыты болып табылады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1662373064
07.09.2022
Германия тәжірибесі қалдықтарды өңдеу кезінде пайдаланылатын болады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері ГФР Экономика және климатты қорғау Федералды министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің басшысы Д.Шнихельспен кездесу өткізді. Кездесу барысында климаттық саясат, қалдықтарды қайта өңдеу, парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары, табиғи ресурстарды барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Т.Момышев Германия үкіметіне климаттың өзгеруі мәселелеріне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, GIZ-тің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті. Қазіргі уақытта стратегия жобасы пысықталды және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен жоба талқылануда. Сонымен қатар, іс-шара аясында тараптар «Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу және циклдық экономика» қазақстан-неміс жұмыс тобының пилоттық жобасын талқылады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменова Министрліктің 2021 жылғы 18 қазаннан бастап Тараз қаласында «Қазақстандағы циклдік экономика» жобасын іске асырып жатқан Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігіне ризашылығын білдірді. Осы жобаның мақсаты қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйіне талдау жүргізу, Тараз қаласындағы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін пайыздық ұлғайту болып табылады. Осы жоба аяқталғаннан кейін қалдықтарды басқару саласында экологиялық тұжырымдама әзірленетін болады, ол жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасының негізі бола алады. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар геологиялық-геофизикалық деректер банкін өңдеу, түсіндіру, сақтау және басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, геологиялық барлауға жаңа технологиялар трансферті бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1662390924
https://ortcom.kz/ru/novosti/1662390924
04.09.2022
Қала күніне арналған бағдарлама
04.09.2022
2022 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ұжыммен бірігіп тыңдадық.
01.09.2022
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады. Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысы бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, былтырмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемі 111,5 пайыз, өндеу өнеркәсібінің көлемі 105,5 пайыз өскен. Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді. Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек. Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген. Сондай-ақ күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек. Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661934883
01.09.2022
Президент Казахстана принял заместителя Премьер-министра – министра иностранных дел Катара В ходе встречи были обсуждены перспективы развития казахско-катарских отношений. Особое внимание было уделено расширению торгово-экономического сотрудничества, в том числе реализации совместных инвестиционных проектов в ключевых секторах экономики. Собеседники рассмотрели взаимодействие в рамках международных организаций, а также обменялись мнениями по актуальным вопросам региональной повестки дня. Глава государства приветствовал проведение первого заседания диалоговой площадки руководителей внешнеполитических ведомств государств Центральной Азии и Персидского залива, которое состоится в Эр-Рияде в сентябре. Мохаммед бен Абдулрахман Аль Тани передал Касым-Жомарту Токаеву приветствие Эмира Катара и подтвердил его приезд в Казахстан в ближайшее время.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661927001
01.09.2022
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады. Хотите быть всегда в курсе всех брифингов? Подписывайтесь на наш канал в Telegram! https://ortcom.kz/kk/novosti/1661915489
https://ortcom.kz/ru/novosti/1661915489