Текст
28.04.2022
Тақырыптық сағат. №8"Көбелектер"Логопедтік-ортаңғы тобы. Тақырыбы: Достық мерекесі.Мақсаты:Балалар Қазақстанда тұратын өзге ұлттарды ажырата алады.Халықтар достастығы туралы түсінеді ,Достық ынтымақтастық туралы әнгілей алады.
28.04.2022
Тақырыптық сағат. Тақырыбы: "1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні" 10"Күншуақ"тобы. Мақсаты: Өзге ұлт өкілдерін таниды,ажыратып айтады.Халықтар достастығы туралы түсінеді,сурет салу арқылы бір-біріне достық сезімдерін білдіреді.Қазақстанда жасап жатқан өзге ұлт өкілдерінің өнеріне,салт-дәстүріне сыйластықпен қарайды.
27.04.2022
Педагогикалық шеберлік онкүндігі. Тәрбиеші:Арипова Лазиза Каршибековна Білімім-жоғары,1-санатты. 10"Күншуақ" ересек-логопедтік топ. Білім беру саласы; Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу. Тақырыбы: «Тақияны әшекелейміз» Мақсаты: қазақтың ұлттық киімдерін ажыратады , тақияны салу жолдарын біледі және оны ою-өрнектермен әшекелей алады. Ою-өрнектегі өзара үйлестіреді,.Бала бойында 4К моделі дағдысы қалыптасқан. Жұмыс орынын ретке келтіреді,тазалықты сақтайды. Барысы:Оқу қызмет барысында балалар қазақтың ұлттық киімдері,соның ішінде бас киім тақиямен танысады және тақияны салады.Тақияны ою-өрнектермен әшекелей отырып"ирексу"және "қызғалдақ"оюларын салуды үйренді."Қандай бас киім артық" ойынында артық бас киімді тауып, оны түсіндірді. Жұмбақтар шешті,тыйым сөздерді қайталады. Командаға бөлініп,"Қандай бас киім жасырынған"ойынын ойнады. Ойынға балалар белсене қатысты.Оқу қызметі соңында балалар салған суреттерінен көрме жасап өз ойларын айтты
27.04.2022
Тақырыптық сағат «Қазақстан халықтарының бірлігі күні». 7-топ «Теремок» : Мақсаты: Отансүйгіштік пен толеранттылық сезімін тәрбиелеу. Міндеттері: Балаларды Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Балалар арасында достық қарым-қатынас орнатуға көмектесу. Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен мұрасына деген құрметті арттыру. Мазмұны: «Қазақстан – ортақ үйіміз» әні естіледі. Ұлттық киім киген балалар қолдарында жалаулар мен шарлар. Құрметті балалар мен ата-аналар мерекелеріңіз құтты болсын.Сізге бейбіт аспан, қуаныш пен бақыт. Қазақстан – 125-тен астам ұлт өкілдері тұратын және олардың барлығы достық пен келісімде өмір сүріп жатқан мемлекет. Фестивальге әр ұлттың өкілдері қатысып жатыр. Балалар өздерінің ұлттық билерін, ойындарын көрсетеді. «Тақпақты өткіз» ойыны. «Қамажай» биі. Сұрақ-жауап ойыны. «Матрёшка» биі. Өзбек биі, украин биі. Қазақтың дәстүрі бойынша «Шашу» тәттілерін лақтыру.
27.04.2022
N2 логопедиялық топта «Неге» тақырыптық сағаты Тақырыбы: «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке, патриоттық сезімге тәрбиелеу: оның табиғатын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін. Міндеттері: балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру; балаларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.
27.04.2022
Тақырыптық сагат 3 "Балауса" мектеп алды даярлық тобы. 1-Мамыр Казакстан халықтарының бірлігі күні " Мақсаты: Балалар Қазақстан халқының бірлігі туралы әңгімелей алады.Қазақстанда тұратын ұлттарды ажыратады әр ұлтқа құрметпен қарайды.
27.04.2022
Тақырыптық іс шара 11"Жұлдыз" ортаңғы тобы "1мамыр Қазақстанның халықаралық бірлігі күні" Мақсаты:Бала Қазақстан халықаралық бірлігі күні туралы түсінікке ие. Ынтымақтастық, достық, еліміздің тыныштығы мен бірлігі туралы әңгімелей алады. Елімізде көпұлтты халық тату тәті жасайтыны жайлы ой өрістері кеңейген. Отанды қорғап, қамқорлық жасай алады.
26.04.2022
Педагогикалық шеберлік онкүндігі. Тәрбиеші:Кенегесова Жанна Джамиловна. Білімім жоғарғы. Педагог сарапшымын. Білім беру саласы:Таным Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы:"Жемістер мен көкөністер" Мақсаты:Бала жемістер мен көкөністер туралы түсінікке ие.Көкөністер мен жемістердің түрін,сыртқы пішіні,дәмі бойынша дұрыс айтады және ажырата алады. Сүйіп жейтін жемістер мен көкөністер туралы ойлау қабілеті мен сөздік қорлары дамыған.4Кмоделі бала бойына қалыптасқан. Табиғатқа қамқорлық таныта алады. Ұйымдастыру оқу қызметінің мазмұны: Қонаққа жемістер мен көкөністер дүкенінің сатушысы Ділназ келеді. Балаларға өз дүкеніндегі жемістер мен көкөністер жарнамалау ретінде әңгімелеседі. Жұмбақтар жасырылып, жемістер мен көкөністерді ажыратуға ойындар ойналады. "Дәмін татып,тауып көр" "Бақшада ма,бақта ма?" командамен ойын бетперделер арқылы өткізілді. Соныңда"Жемістер мен көкөністер дүкені" сюжеттік рөлдік ойын ойналады. Сұрақ жауаптар арқылы тақырып бала үнімен қортылды.
26.04.2022
Педагогикалық шеберлік онкүндігі №12 « Ақбота» логопедиялық ортаңғы тобы, логопед Бекей Светлана Білім беру саласы; Қатынас Арнайы түзеу оқу қызметі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Үй құстары» Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Дыбыстарды анық айтуға машықтау "Алдында-артында-жанында", үстеу сөздерінің мәндерін түсінуді үйрету. Жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын дамыту. 4К моделін қалыптастыру .Диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара алуын бекіту. Арнайы түзеу оқу қызметі барысында балалар «Үй құстары» фермасына саяхат жасады. Жұмыртқаларды тауып ондағы суреттер бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындады. . «Қандай құс?» «Не артық?», «Құстың орынын ата! »» ойындар барысында балалар жекеше, көпше зат есімдерді, алдында-артында-жанында", үстеу сөздерді дұрыс қолдануды үйреніп, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысты. Балалар, оқу қызметі соңында, тақырып бойынша алған білімдерін бидай жармасында сурет салу арқылы бекітті.
26.04.2022
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні