Текст
15.09.2022
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында күтіп алды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663146386
15.09.2022
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі. «Ақорда» резиденциясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы әнұрандары орындалды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663150786
15.09.2022
Қытай Халық Республикасы Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан шығарып салды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Одан кейін Ақордада Қытай басшысы Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу шарасы өтті. Артынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді. Кездесуден соң Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен наградтады.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663210013
15.09.2022
Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан естелік медаль алды Димаш Құдайберген Рим Папасымен кездесіп, Рим Папасының Нұр-Сұлтанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-ші съезіне келгені үшін мерейтойлық медаліне ие болды. Бұл қуанышты хабармен музыкант Instagram парақшасында бөліскенн «Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын», - деп жазды Димаш Құдайберген. Ол ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарды да осы жиын кезінде алған сыйлықтарымен құттықтаған. Айта кетейік, 13 қыркүйек күні «Астана Опера» театрында өткен съезд делегаттары мен қатысушыларына арналған концертте Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663209498
15.09.2022
Қ.К. Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь «Алтын Қыран» орденімен наградтлды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663156872
15.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады Ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады. Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған. Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663156495
15.09.2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді. «Ақорда» резиденциясында ҚХР Төрағасын ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін мемлекеттер басшылары екіжақты келіссөз өткізетін залға барды. Бұдан кейін Қазақстан мен Қытай басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Президент Қытай Төрағасына шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгеніне ризашылығын білдірді. – Бұл – пандемиядан кейін сіздің шетелге алғашқы сапарыңыз. Сондықтан осы сапарыңыздың тарихи мағынаға ие. Мен мұны жоғары деңгейдегі өзара сенім мен ынтымақтастықтың көрінісі деп бағалаймын. Биылғы 5 ақпанда XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанымды білесіз. Сол кезде Бейжіңде өткен кездесуімізді ықыласпен еске аламын, – деді Мемлекет басшысы. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті. – Сіздің сапарыңыз осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Қысқа мерзім ішінде біз тұрақты мемлекетаралық қатынас орнаттық. Сіз Қазақстан экономикасын дамытуға және біздің халықаралық бастамаларымызға ұдайы қолдау көрсетіп келесіз. Сол үшін өзіңізге зор алғыс айтамын, – деді Президент.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663156162
14.09.2022
12"Ақбота" логопедтік тобы тәрбиеші Арипова.Л.К. Мүсіндеу. Тақырыбы "Анамызға арналған моншақтар" Мақсаты:Балалардың қол моторикасын дамыту,ермексазды алақан арасына сала отырып,домалақтау әдісін үйрету,балалардың мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру.
14.09.2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған мақал-мәтел айту сайысы. Қатысқан #10"Күншуақ" және #11 "Жұлдыз" тобының бүлдіршіндері
14.09.2022
Қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ды құрады – ҰЭМ Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров мәлім етті. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында 2022 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Аталған мәселе бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов баяндама жасады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ды құрады. Нақты сектордағы өсу 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі ,ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсу қарқынын көрсетуде. «Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 5,7%-ға дейін жеделдеуі байқалады. Инвестициялар мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда 2 есеге, білім беруде 59,1%-ға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде 30,1%-ға, саудада 21,9%-ға, қаржы және сақтандыру қызметінде 20,2%-ға, жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операцияларда 8,8%-ға, құрылыс саласында 15,7%-ға өсті», — деді министр.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663045443