Текст
18.09.2022
Биыл 7 айда ӘМСҚ шамамен 95 млн медициналық қызметті қаржыландырды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте МӘМС жүйесін іске асырудың нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша, МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде ғана қолжетімді болған медициналық қызметтерді де ала алады. 2022 жылдың 7 айында Қор тар шеңберлі мамандардың 95 млн консультациясын және диагностикалық зерттеулерді, оның ішінде қымбат тұратын КТ, МРТ, ПЭТ зерттеулерін қаржыландырды. 3 жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін қол жетімді болды және жеткізушілер аз болды. Жеке меншік клиникалар қазіргі заманғы жабдықтар мен сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде. «Биыл жоғары технологиялық көмек көлемі 1,5 есеге өсті. 7 ай ішінде 12 мыңнан астам қымбат операция жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 34%-ды құрады. Оның ішінде, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың ЭКО процедурасын, 7 айда Қор 4 мыңға жуық репродуктивті қызметті қаржыландырды. Өсім 40% құрады. ЭКО-ның әрбір бағдарламасына денсаулығына және процедураның қымбаттығына байланысты ана мен әке атана алмай жүрген отбасылар қатысады. Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық көмекті қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасайды, ал енді медициналық көмекті ұйымдастыру, клиникалардағы менеджмент деңгейі, пациенттерді дұрыс бағыттау бірінші орынға шығады», – деп атап өтті ӘМСҚ басшысы.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663321973
18.09.2022
Қазақстан: Батыс пен Шығысты байланыстыратын көпір Мұндай кезде қабырғаларды емес, көпірлерді салу керек. Біз ортақ құндылықтарды, соның ішінде жанашырлық, әлеуметтік әділеттілік және адамгершілікті бөлісеміз. Осылайша, олар әлем үшін құрылыс блоктарын қамтамасыз ете алады. Олар біздің жаһанданған әлеміміздегі күрт айырмашылықтарға қарамастан, терең алауыздықтарды жеңе алатынымызды көрсете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663216755
18.09.2022
Си Цзиньпин: Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың нығайып, қыран құстай алысқа самғайтынына сенімдімін Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың нығайып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін қыран құстай алысқа самғайтынына сенімдімін, деп аатп өтті Қытай көшбасшысы Ақордада «Алтын Қыран» орденін тапсыру барысында. Құрметті Президент Тоқаев мырза! Құрметті достар! Бүгін мені «Алтын Қыран» орденімен наградтадыңыз. Бұл маған ғана көрсетілген ерекше құрмет емес, сондай-ақ Сіздің еліңіздің қазақ-қытай қатынастарын дамытуға зор мән беретінін және қазақ халқының қытай халқына деген достық сезімін көрсетеді. Президент Тоқаев мырза, Сізге және достас қазақ халқына шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды. Содан бері қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары даму деңгейі берік сақталып келеді. Біздің елдеріміз арасындағы саяси өзара серіктестік нығайып келеді. Әртүрлі саладағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Халықаралық қатынастарда тығыз байланыс орнады. Мұның бәрі елдеріміздің дамуы мен өркендеуіне берік тірек болды. Аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға тың серпін берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663218866
18.09.2022
Съезд делегаттары «Бейбітшілік және келісім саябағының» негізін қалады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев VII Съезд делегаттарымен бірге жаңа «Бейбітшілік және келісім саябағының» негізін қалады. Форумға қатысушылар жаңа саябақта 60 тал отырғызды. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан демалыс орны Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен этностар арасындағы достық пен бірліктің символына айналмақ. Жобаның басты идеясы – «Өмір ағашы» монументі. Күмбез түрінде жасалған нысанның дәл ортасына емен ағашы отырғызылған. Ол спиральмен және үйлесімді фонтанмен қоршалған. Идея авторларының пікірінше, су мен сан ғасырдан тамыр тартатын өмір ағашы Жер бетіндегі тіршіліктің жалпыадамзаттық құндылығын дәріптейді. Осылайша, жаңа туынды діні мен сеніміне қарамастан планетамыздағы барлық адамды келісімге, бейбітшілікке және достыққа шақырады. Ал, күмбез бір аспан астындағы бейбіт өмірді бейнелейді. Онда әлемнің төрт бұрышы – Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығысты білдіретін 4 кіру аймағы болады. Күмбездің қабырғаларында Әлемнің жаратылуы мен Қазақстандағы тарихи оқиғаларды көрсететін бейнелер және еліміздің аумағынан табылған әйгілі ежелгі жартас суреттері – петроглифтер салынады. Ағаштың айналасындағы спираль аспан (күмбез) мен жерді (су беті) біріктіріп, әлемнің нәзіктігін суреттейді. Саябақ құрылысы 2023 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663235214
18.09.2022
Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсіміне қатысты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінің алдында Қорытынды декларация жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев форумның екі күндік жұмысын қорытындылай келе, қазақ жері осы күндері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын атап өтті. Дүниежүзінің беделді дінбасылары осы жерде бір шаңырақтың астына жиналды. – Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, Съезге арнайы келген діни көшбасшыларға, саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс айтамын. Сондай-ақ форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Рим Папасы Францискке елімізге тарихи сапар жасап, Съезд жұмысына қатысқаны үшін тағы да ризашылығын білдірді. – Сіздің әлемдік қоғамдастыққа үндеуіңіз бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға үміт пен сенім сыйлады, – деді Мемлекет басшысы.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663242863
17.09.2022
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясы қабылданды Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясы қабылданды. Декларацияның мәтінін съездегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс таныстырды. 35 тармақтан тұратын құжатта қазіргі таңдағы жаһандық проблемалар барынша қамтылған. «Біз әлемнің пандемиядан кейінгі дамуы мен әлемдік процестердің жаһандануы және қауіпсіздікке төнетін қатерлер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін диалогты нығайту, сондай-ақ рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігерді іске асыруда маңызды рөл атқаратынын мәлімдейміз», - делінген декларацияда.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663244018
17.09.2022
Рим Папасы қазақ туы туралы өз ойымен бөлісті Рим Папасы Франциск Қазақстан туындағы көгілдір фон аспанның көгілдір түсі туралы ойлар туғызатынын және трансценденттілікті бейнелейтінін айтты. «Тудағы алтын қыран ежелгі империялардың естелігі ретінде жердегі қуатты бейнелейді. Көк фон аспанның көгілдір түсі туралы ойларды тудырады және трансценденттілікті білдіреді. Саясат пен трансценденттілік арасында үйлесімді байланыс бар. Екі түрлі саланың салауатты өмір сүруі. Шатасу және бөлу емес, айырмашылықтар. Қыран сияқты ұшу үшін еркін аспан, бос кеңістік, жер құдіреті ашық және адамның шексіз игілігі үшін шатасу жоқ», - деді Рим Папасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезінде. https://ortcom.kz/kk/novosti/1663244708
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663244708
17.09.2022
Үкіметте «Цифрлық отбасы картасы» жүйесін және электрондық денсаулық сақтау электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселесі қаралды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Smart Data Ukimet мемлекеттік платформасын дамыту аясында әлеуметтік қолдау шараларын проактивті түрде тағайындау үшін «Отбасының цифрлық картасы» ақпарат жүйесі әзірленгенін айтты. Еліміздің барлық азаматтары жүйеде 5,9 млн отбасыға, экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық көрсеткіштері мен білімі бойынша 5 санатқа бөлінген. Осы мәліметтер негізінде қажетті қолдау шаралары анықталады, содан кейін азаматтарға оларды қабылдау туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Осылайша, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде 5 түрлі жәрдемақы: бала туу және оның күтімі, мүгедектігі бар баланың күтімі, жұмыссыздық және мүгедектік бойынша жәрдемақылар тағайындалады. Жыл соңына дейін тағы 5 қызметті қосу жоспарланып отыр: асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, көп балалы аналарға жәрдемақы, АӘК, Күміс немесе Алтын алқамен марапатталғандарға жәрдемақы, сондай-ақ зейнетақы төлемдері. Премьер-Министр жүргізіліп жатқан жұмысты қолдап, мәліметтерді тиімді талдау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірыңғай платформа базасында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын жандандыруды тапсырды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663233638
17.09.2022
«Самұрық-Қазына» қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті «Самұрық-Қазына» азаматтардың тіршілік ету сапасын жақсартатын 16 жаңа басым жоба туралы хабарлады. Оларды іске асыру мыңдаған жұмыс орнын ашып, азаматтардың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде - мұнай-газ химиясы жобалары, ұлттық электр желісін жаңғырту, базалық қуат көзін салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобалары, 5G интернет-желісін салу, жаңа теміржол салу және т.б. жобалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев толығырақ айтып берді. «Қысқа мерзімді кезеңде экономика мен коммуналдық-тұрмыстық сектордың электр энергиясына сұранысын жабу үшін энергия объектілерін салу талап етіледі. Біз энергетиканың ірі көміртекті-бейтарап объектілері енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін және энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірнеше көмір станциясының құрылысын бастаймыз. Негізгі маңызды жоба - Ұлттық электр желісін жаңғырту - Мемлекет басшысының Батыс энергия жүйесін ҚР бірыңғай энергия жүйесімен қосу жөніндегі тікелей тапсырмасын орындау, сондай-ақ Батыс және Шығыс Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін толық көлемде кәдеге жарату мүмкіндігі. Жел және күн энергетикасын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Негізгі жоба - еліміздің оңтүстігінде базалық қуат көзін салу жобасы. Болжамдық-энергетикалық теңгерім 2032 жылға қарай қуаты 2400 мегаваттқа дейінгі атом станциясын салу қажеттігін көрсетті. Сондықтан Үкіметтің жетекшілігімен Қор осы жобаны іске асыруға кірісті. Жұмыстың барысы туралы мүдделі тұлғаларға, журналистерге, қоғамға баяндайтын боламыз», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663236121
17.09.2022
Серіктестермен коллаборация жасау және шетелге шығу. ҚТЖ ірі холдингке айналады «Қазақстан Темір жолы» компаниясы толыққанды логистикалық корпорация болып қайта құрылады. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, функционалдылықты өзгерту, ҚТЖ құзыретін күшейту, оның қатысу географиясын кеңейту жоспарлануда. «Қазақстан - негізгі логистикалық өңірлік хаб, сондықтан транзиттік тасымалдардың өсу қарқынын сақтап, көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сондай-ақ сервис сапасын жақсартып, сараптамалық-транзиттік әлеуетті іске асыру қажетті. Осы мақсатта функционалдылықты өзгертуді, ҚТЖ құзыреттерін күшейтуді, оның ішінде талдау жұмысын жақсартуды, логистика бойынша құзыреттер орталықтарын құруды, компанияның қатысу географиясын кеңейтуді, яғни шетелде логистикалық қызметтерді ілгерілетуді, негізгі терминалдардың жұмысын күшейтуді, серіктестермен, көліктің басқа түрлерімен, оның ішінде яхталармен, авиамен, теңіз көлігімен коллаборация жасау, компаниялардың жұмыс істеуі үшін институционалдық негізді дамытуды, сондай-ақ қолданыстағы ұйымдық құрылымды және бизнес процестерді өзгертуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде компанияның жекелеген құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру қарастырылған», - деді спикер. Реформалар нәтижесінде Самұрық-Қазына тең инвестор ретінде Президент айқындайтын аса маңызды жобаларға ғана қатысатын болады. https://ortcom.kz/kk/novosti/1663234917
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663234917