Текст
17.09.2022
«Самұрық-Қазына» қоры портфельдік компанияларды жекешелендірудің, IPO мен SPO-ның ауқымды науқанын жариялайды Қор стратегиялық активтердегі бақылау үлестерін сақтайды. 2025 жылға дейін IPO-ға ҚМГ, AirAstana, SamrukGreenCo, QazaqGaz, ҚТЖ компанияларын шығару жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев жоспарлармен және оларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады. «Қор экономиканың негізгі секторларын бақылау үшін жеткілікті мажоритарлық пакетке ие инвесторға айналады деп жарияланды. Бұл ретте компанияларды ауқымды жекешелендіру жүргізіледі. Біз Үкімет бекіткен жеткілікті деңгейде теңдестірілген бағдарлама әзірледік. Нәтижесінде бәсекелес ортаға берілетін компаниялардың көлемі 105-тен 254-ке дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясында жергілікті биржалардағы IPO үшін жеткілікті түрде белсенді дайындық жұмыстары жүргізілді. Қыркүйектің екінші жартысынан бастап Қазақстан қалаларында халықтың қалың жігін қамтамасыз ету және тарту үшін родшоу өткізу жоспарланып отыр. «AirAstana» бойынша - компания IPO-ға дайын, халықаралық IPO-ны таргеттеу көзделген. Халықаралық нарықтар қалпына келтірілгеннен кейін қажетті қаражатты тарту үшін осы компаниямен шығуға дайын боламыз. «Самұрық-Энерго» екігі бөлінеді. Біріншісі – SamrukGreenCo-да барлық «жасыл» акциялар шоғырланатын болады - бұл ЖЭК, ГЭС объектілері. Екінші компанияда электр энергиясын өндіру үшін табиғи қазбаларды пайдалануға байланысты барлық активтерді шоғырландырылады. SamrukGreenCo компаниясы IPO-да Қазақстан Республикасындағы басқа да активтерді жинақтайды деп жоспарлап отырмыз», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663234675
17.09.2022
Экономикадағы үлесті азайту және үздік әлемдік тәжірибені енгізу. «Самұрық-Қазына» қоры жаңа даму стратегиясының жобасын ұсынды Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Самұрық-Қазына» қоры бойынша нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, үздік инвестициялық компанияларға бағдарланған жұмыстың жаңа моделін айқындау бойынша. Бұл жұмысты іске асыру үшін Қор 2023-2032 жылдарға арналған стратегия жобасын әзірледі, жаңа тұжырымдамалар, миссиясы айқындалды, ұзақ мерзімді мақсаттар цифрландырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық компаниялар бойынша өндірістік салада да, алдыңғы қатарлы инвестициялық холдингтерде де терең талдау жүргізілді. «Компанияның миссиясы - Қазақстан халқының мүддесі үшін активтердің сараланған портфелі мен бизнес портфелін тиімді басқару арқылы экономиканың тұрақты дамуын анықтау және ұзақ мерзімді құнды құру. Біз бизнес үшін экожүйе құратынымызды жарияладық. Негізгі басымдықтар ретінде орнықты даму, сондай-ақ активтер портфелін тиімді және белсенді басқару жарияланатын болады. Бұл ретте «Самұрық-Қазынаның» Қазақстан экономикасындағы үлесі 2032 жылға қарай 5%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ атмосфераға көмірқышқыл газы шығарындыларын 10%-ға азайтатын боламыз», - деп атап өтті спикер. Сонымен қатар, таза активтердің құнын арттырудың негізгі міндеттері белгіленді. Еңбек өнімділігін арттыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, қаржылық тұрақтылық, активтерді жаңғырту, портфельдік компаниялар басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру бойынша мақсат қойылды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663216472
17.09.2022
Айтылды-Орындалды: Мұғалімдерді қайта даярлау курстарының жиілігін өзгерту және біліктілікті арттыру жүйесін қайта жүктеу туралы АЙТЫЛДЫ: «Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек. Бұл ретте мұғалімдердің өз қаражаты есебінен курстан өтуіне жол бермеу керек. ✅ ОРЫНДАЛДЫ:
https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1663217268
15.09.2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған мақал-мәтел айту сайысы. Қатысқан #10"Күншуақ" және #11 "Жұлдыз" тобының бүлдіршіндері.
15.09.2022
ЕҚДБ Қазақстанда жаңа экономикалық реформаларды іске асыруды қолдайды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пиюмен кездесу өткізді. Тараптар ЕҚДБ-ның Қазақстандағы жаңа экономикалық реформаларды жүргізуге қатысу мәселелерін, 2023 жылға арналған инвестициялар мен өзара іс-қимыл жоспарларын, сондай-ақ алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Әлихан Смайылов 30 жылдың ішінде ЕҚДБ-мен бірлесіп экономиканың түрлі салаларында $10 млрд-тан астам сомаға 300-ге жуық жоба іске асырылғанын атап өтті. «Қазіргі уақытта Үкімет Мемлекет басшысы белгілеген экономиканы сапалы жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде азаматтарымыздың әл-ауқатының айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан біз ЕҚДБ-ның осы бағытқа қатысып, қолдау көрсетуін қолдаймыз», — деді Премьер-Министр. Өз кезегінде Алан Пию Қазақстанда қазіргі жобаларды жалғастыру және жаңа жобаларды іске қосу ЕҚДБ басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. «Қазақстан ЕҚДБ-ға 100% сенім арта алады. Сондай-ақ біз елге 2060 жылға қарай экономиканы декарбонизациялауға қол жеткізуге көмектесуге мүдделіміз. Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға көшіруді осы бағыттағы флагмандық жоба деп санаймыз. Бұл – ірі және маңызды жоба, біз оған қомақты қаражат салуды жоспарлап отырмыз», — деді Алан Пию.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663209051
15.09.2022
Автокөлік нөмірлерінің бірегей DMC кодтары болуы керек, ол арқылы полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алады ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандартында бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы тиіс нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған. Стандартты ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті. Ал, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді. Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді. Қосымша қорғаныш элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC кодтарын салу да жатқызылды. «Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс», - деп ведомствода атап өтті. Бұдан басқа, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтынын хабарлаймыз.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663150414
15.09.2022
Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр Биылғы жылы әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Айтулы күн аясында ауқымды іс — шаралар-концерттер, көрмелер, оған арналған фильмдердің таныстырылымы мен көрсетілімі т.б. көрермен назарына ұсынылып келеді. Халықтың сүйікті әншісінің мерейтойы Ресейде де тойланып жатыр. Бүгін Ресей астанасы Мәскеу қаласында фотокөрме ашылып мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. «Осындай ірі іс-шаралар Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де өткізіліп жатқаны қуантады. Мұндағы фотосуреттердің әрқайсысы Роза Бағланованың мағыналы өмірінің жарқын сәттерін ғана емес, сонымен бірге бүкіл дәуірдің өрлеуін де бейнелейді», — деді министр Дәурен Абаев ХШЖК-де көрменің ашылуы аясында. Фотокөрмеде артистің өмірі мен шығармашылығының әртүрлі қырын танытатын 30-дан астам бірегей фотосурет қойылған. Көрме 7 бөлімнен тұрады: «Бірінші Роза», «Соғыс жылдарындағы ерлік пен даңқ», «Шығармашылық шыңы», «Әр ән — жауһар», «Бүкіл әлемді жаулап алған Роза», «Қоғамдық-саяси қызмет» және «Халық сүйіспеншілігіне бөленген жарқын өмір». Дәурен Абаевтың айтуынша, әншінің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енген, ал қазан айында ұйымның штаб-пәтерінде Р.Бағланованың құрметіне үлкен концерт жоспарланған. Сондай-ақ, қараша айында Қазақстан астанасында халықаралық вокалистер байқауы өтеді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663150242
15.09.2022
Қазақстан мен Қытай Сүмбе өзенінде су тарту құрылысын бірлесіп басқару жөнінде келісімге қол қойылды Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сумбе трансшекаралық өзеніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды. «Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», - деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде. Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Іс-шара соңында Ә.Шалабекова: «Біз өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдете беруге ниеттіміз», - деп түйіндеді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1663150105
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663150105
15.09.2022
17 ауылдық тірек мектеп: «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында алғашқы тірек мектепті жабдықтады «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысының Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепті қажетті материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етті. Орта мектеп қордың «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысушы 17 тірек мектептің алғашқысы. 17 тірек мектепті жабдықтауға «Қазақстан халқына» қорынан 4,25 млрд теңге бөлінген. Еліміздің 17 өңірінде НЗМ оқыту әдістемесі бойынша ауылдық тірек мектептер жабдықталып, олардың әрқайсысын жарақтандыруға 250 млн теңгеден бағытталады. Жобаны іске асыру ауыл оқушыларына өздері тұратын жерде сапалы білім алуға, сондай-ақ білім беру ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. 12 қыркүйекте осындай тірек мектептердің бірінің тұсаукесеріне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Beeline Қазақстан» бас атқарушы директоры Евгений Настрадин, «НЗМ» ДББҰ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысы, Aitas холдингінің басшысы Серік Толықпаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов және БАҚ өкілдері қатысты. Мектепте 39 кабинет пен үй-жай жаңартылып, жиһаз бен жабдықтар жиынтығы, оқытудың техникалық құралдары, құрал-саймандар мен керек-жарақтар, көрсету құралдары, сәндік-көркем бұйымдар, баспа құралдары сатып алынды. Соның ішінде бейне қабырға мен ақпараттық киоск, арт-студия, онлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын жазуға арналған телестудия, шеберханалар бар. Қазір сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілуде. Сондай-ақ оқу орнында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық бар.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663149750
15.09.2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөз сөйледі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі дұға жасау үшін бір минуттық үнсіздіктен басталды. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» атты пленарлық отырысты ашқан Мемлекет басшысы Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті. Президент Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискке, ең көне Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх Ахмад ат-Тайебке, Орыс православ шіркеуінің өкілдеріне, Израильдің Бас ашкеназ раввині Давид Лауға, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифке және форумның барлық қатысушысына өзінің ілтипатын білдірді. – Біздің шақыруымызды қабыл алып, Қазақстанға келгендеріңіз үшін бәріңізге алғыс айтамын. Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы әрі белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар. Біздің съезд өркениетаралық диалог орнататын жаһандық деңгейдегі алқалы жиынға айналды. Бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Осында, яғни Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық – олардың бәріне ортақ сипат, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663135539