"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықтан түсіп жатқан шағым көп – Премьер-Министр елдегі интернет сапасы жайлы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің хабарлауынша, Ұлттық жоба аясында мемлекеттік қызмет көрсетудің 175 бизнес-процесіне жаңа әдістеме бойынша реинжиниринг жасалды. Нәтижесінде жұмсалатын қағаз саны мен қажетсіз бюрократия жойылды. 2025 жылға дейін барлық 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасалатын болады. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, бүгінде олардың үлесі 94%-ға жетті. Сондай-ақ 9 мемлекеттік қызмет түрін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, бейне-қызмет арқылы алу мүмкіндігі іске асырылды. Жыл соңына дейін олардың саны 44-ке дейін жеткізілмек. ХҚКО-ларды жаңғырту жоспар бойынша жүзеге асырылуда, қазірдің өзінде 8 жаңа фронт-офис халыққа қызмет көрсетіп жатыр. 2024 жылға дейін 115 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылады. «Kaznedra» бірыңғай платформасы бойынша бүгінде тестілеу режимінде «minerals.gov.kz» платформасы іске қосылды. Қазірден бастап пайдаланушының жеке кабинетінде интерактивті картаға басылған жер қойнауы туралы 1,5 мың электронды есеп қолжетімді. Платформа арқылы жер қойнауын барлауға тиісті лицензияға өтінім беру және уәкілетті мемлекеттік органмен өзара электронды хат алмасу мүмкіндігі бар.

14.09.2022

https://ortcom.kz/ru/novosti/1663047788

Просмотров: 188


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст