"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі Нұр-Сұлтанда 2025 жылы өтеді Елордада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері – Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының ХХ отырысы өтті. Іс-шараға әлемдік және дәстүрлі діндердің 30-ға жуық өкілі қатысты. Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев VII Съезді ұйымдастыру жолында бірлесіп атқарған ауқымды жұмыс үшін барша қатысушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ Хатшылық Басшысы форум әлемдік қоғамдастық үшін аса жауапты кезеңде өткізіліп отырғанын, сондықтан оны тарихи оқиға ретінде атауға толық негіз бар екенін айтты. «Биылғы Съезд әлем үшін тарихи және бірегей оқиғаға айналады десек, артық бола қоймас. Ең алдымен, бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері алғаш рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі. Індет кезінде бізге диалог пен тікелей қарым-қатынас жетіспегені сөзсіз. Съезд рухани көшбасшыларға тікелей сұхбат құруға, дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтудың маңызды мәселелерін бірлесіп қарауға, сондай-ақ, әлемді алаңдатқан өзекті проблемаларды шешу жолдарын талқылауға үлкен мүмкіндік береді», – деді Мәулен Әшімбаев. Съезд Хатшылығының Басшысы қазіргідей шиеленістер жағдайында қатардағы азаматтармен бірге саяси лидерлерге де рухани қолдау, дұрыс құндылықтардың парадигмасы және жаңаша бағдар аса қажет екенін атап өтті.

14.09.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1663050784

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст