Текст
21.09.2022
Қарағанды облысында жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істейді Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде өтуде. Бүгінгі күні қажетті іс-шаралар 90% жоспар бойынша орташа есеппен 93,3%-ға орындалды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде 2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша 7,3 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілгенін және тұтынудың оң теңгерімі байқалғанын атап өтті. Облыстың электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 2319 МВт, қолда бар электр қуаты – 1921 МВт. Өңірді негізгі жылумен жабдықтау көздері 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және басқа жылумен жабдықтау объектілері болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2,4 мың Гкал/сағ, ал қолда бар қуаты 1,8 мың Гкал/сағ. ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралардың орындалуы жоспарға сәйкес 90 % болған кезде, орташа есеппен 93,3 % орындалды. Сондай-ақ, өңірде жаңартылатын энергия көздері технологиясын қолдану арқылы энергияны өндіру белсенді дамып келеді. Бүгінгі таңда жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істеп тұр, соның ішінде қуаты 216 МВт болатын 4 күн электр станциясы және қуаты 2 МВт болатын 2 биоэлектр станциясы, қуаты 0,6 МВт болатын 1 гидроэлектр станциясы бар, деп түйіндеді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663557927
21.09.2022
Павлодар облысында 2025 жылға дейін АӨК-те 187 млрд теңгенің 26 инвестжобасы іске қосылады Павлодар облысында АӨК-те 2025 жылға дейін құны 187,8 млрд теңге болатын 26 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Сонымен бірге Ербол Қарашөкеев жаңа кәсіпорындар маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдері тапшылығының орнын толтыруға және облыс пен астана базарларындағы бағаларды тұрақтандыруға, сондай-ақ 1000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін айтты. Айта кетейік, министр жұмыс сапары аясында бірнеше шаруа қожалықтарында, соның ішінде мал және өсімдік шаруашылығы фермаларында, көкөніс қоймасында болып, 1000 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасының ашылуына қатысты. Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында сүт-тауар фермасы ашылды. Жобаның құны 6 млрд теңге, оның ішінде "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ-ның 5 млрд қарыз қаражаты есебінен ашылған. Ферма жыл сайын 8,9 миллион литрге дейін шикі сүт өндіре алады. Жалпы, Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан шаралардың арқасында Павлодар облысы АӨК-ті дамытудың оң нәтижелерін көрсетіп отыр. Өңірге инвестициялық субсидиялауға 9,3 млрд теңге, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 6,3 млрд теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 8 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына шамамен 5,3 млрд теңге бөлінді. Осының барлығы түрлі дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуға, жаңа сүт-тауар фермалары мен бордақылау алаңдарын ашуға мүмкіндік берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663557509
21.09.2022
Өртті сөндіруге арналған тікұшақ паркі үш есе ұлғайтылады - Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр жақында Қостанай облысында болған орман өрттері жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіргенін, адам өліміне әкелгенін атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов орман шаруашылығы төңірегінде құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. «Тікұшақ техникасының жақын жерден су алып, өртті сөндіруін жеңілдету мақсатында орман алқаптарының жанындағы су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Біз тікұшақтар паркін үш есе ұлғайту үшін қосымша суқашыртқы құрылғыларды сатып аламыз, оларды өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Бұл Қостанай облысын қоса алғанда, барлық өңірлерге қатысты», — деді Әлихан Смайылов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663393879
21.09.2022
Шаруаларға әкімшілік жүктеме төмендейтін болады – Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында елдегі ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі – «МИЛХ» ЖШС барды. Компания сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарып, оны ішкі нарыққа және Ресей Федерациясының аймақтарына экспортқа жөнелтеді. Алдағы уақытта кәсіпорын Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр. Компания зауыттарында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған. 2023 жылы неміс серіктесінің қолдауымен ірімшіктер шығаратын жаңа өндірістік кешен іске қосылады. Премьер-Министр агроөнеркәсіп кешеніндегі басты міндеттердің бірі ауыл шаруашылығының өңделген бәсекеге қабілетті өнімдерін, атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыру екенін атап өтті. «Өзімізді толық қамтамасыз етіп, шетелдік нарықтарға шығуымыз керек. Бұл бағытта үлкен әлеуетіміз бар», — деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар Премьер-Министр кәсіпорында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өткізді, онда агроөнімдерді қайта өңдеу және экспорттау, жұмыс орындарын құру, субсидиялау, жеңілдікті несие беру, суару, жемшөп дайындау және т. б. мәселелер талқыланды. Әлихан Смайылов мемлекет өндірушілерді қолдауды кезең-кезеңімен, оның ішінде субсидиялау және кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру арқылы кеңейтуді жалғастыратынын атап өтті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663556524
18.09.2022
Биыл тұңғыш рет «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі өткізіледі «Қазақконцерттің» 62-ші концерт маусымында өте ауқымды жаңа форматтағы жаңа жобалар ұсынылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова хабарлады. «Биыл тұңғыш рет Алматы қаласында «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі өткізілмек. Қазақконцерт елордаға көшкеннен кейінгі алғаш рет барлық әртістер Алматы қаласына барып, үлкен концерттер , спектакльдер қояды. Сонымен қатар КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Бағланованың 100 жылдығы аясында әншінің туған жері Қызылорда облысына гастрольдік сапарлар жоспарланып отыр. «Қазақконцерттің» «Astana Musical» мемлекеттік театры өңір халқына «Роза Бағланова» және «Достар серті» спектакльдерін сахналайтын болады. Қызылорда облысының Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарының тұрғындарына, Байқоңыр қаласында концерттік бағдарламалар ұсынылады», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663312073
18.09.2022
Қазақстанның брендіне айналған «Гүлдер» ансамблі қайта құрылады Биыл Қазақстанның 76 елмен құрылған дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аталып өтіледі. Осыған орай Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Әлем саз» атты халықаралық деңгейдегі жобаны бастады. Фестиваль аясында әртүрлі елдерден келген музыканттар, бишілер, аспапшылар, аспаптанушылар өз өнерлерін ортаға салады. Бұл туралы мекеме директоры Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады. Сонымен қатар еліміздің брендіне айналған «Гүлдер» ансамблі қайта жаңғыртылып, «Қазақконцерт» аясында ашылады. Күрделі және кәсіби іріктеуден өткен жас талантты музыканттар, бишілер қазір дайындалып жатыр. Ансамбльдің тұсаукесері желтоқсан айында өткізілмек. Сондай-ақ, биыл балалар жылына орай бірқатар жоба қолға алынды. «Арман асулары» атты ерекше қажеттіліктері бар инклюзивті талантты жастарға арналған жоба әкімшіліктермен және қоғамдық қорлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар Балалар филармониясы жазғы кино атты жобаларды жас бүлдіршіндерге ұсынуда. Жаз бойы 25 мыңнан астам бала «Қазақстан» орталық концерт залында отандық, кино, анимациялық туындыларды тамашалады», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663312162
18.09.2022
Жастарды қолдау. «Қазақконцерт» жаңа есімдерді танытады Мысал келтірсек, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Эстрада өнері» бөлімінің солисі Әлібек Әлмәдиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде ұйымның жас әртістерді қалай қолдайтынын және жаңа есімдерді танытатыны жайлы айтып берді. Әлібек 5 жылдан астам уақыт Мәскеуде тұрған. Әйгілі «Турецкий хоры» тобында оқып, жұмыс істеген. Отанына оралғаннан кейін «Қазақконцерт»сахнасында өнер көрсете бастаған. «Жеке басым «Қазақконцертке» үлкен үміт артамын. Биыл оған қазақ халқының ұлы әншісі Роза Бағланованың есімі берілді. Мен үшін бұл әсерлі сәт. Мен 12 жасымда Роза Тәжібайқызымен бір сахнаға шықтым. Ал енді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының солисімін. Менің ойымша, бұл маңдайыма жазылған. Ұйым басшылығына өз Отанымда өзімді танытуға мүмкіндік бергені үшін ризамын, мен туған жерімді қатты сағындым және қайтып оралғаныма қуаныштымын. Мен жас орындаушыларға көрсетілген қолдауға жарқын мысал бола аламын», - деді ол журналистің сұрағына берген жауабында. Айта кетейік, «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасы аясында Әлібек Әлмадиев Шығыс Қазақстан облысы мен Ұлытауда концерттерге қатысты.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663312989
18.09.2022
Енді барлық саяси институттарды қайта іске қосу міндеті тұр - Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған Конституцияға енгізілген өзгертулерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін Парламент қабылдаған саяси реформалардың пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық модельге көшкенін білдіреді. Бұл модельде Президент бір мерзімге қайта сайлану құқығынсыз сайланады (оның үстіне бұл норма өзгеріссіз қалады және қайта қарауға мүмкін болмайды). Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімі президенттік және парламенттік өкілет мерзімдерінен ұзақтау болмақ. Бұл реформалардың пакетін бұрын іске асырылған конституциялық реформамен бірге қарау қажет: жаңа Конституциялық сот институты құрылды; бір мезгілде Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, Президенттің өкілеті қысқартылды; аралас сайлау жүйесі енгізіліп, партияларды тіркеу рәсімін оңайлады; өңірлердің дербестігін күшеймек», - деп жазды ол телеграм каналында. Оның пайымынша, енді саяси институттарды қайта іске қосу қажет. Ал ол үшін президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу керек. «Мұның бәрі, түптеп келгенде, мемлекеттік құрылымның институционалдық келбетін билік тармақтарының арасында барынша теңгерім қалыптастыра отырып түзеді. Жаңа мемлекеттік модель биліктің ұдайы ротациялануын, саяси жүйенің болжамдылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекетіміздің одан әрі дамуын тек демократиялық бастауларда, саяси бәсекелестік негізінде баянды етеді. Басқаша айтқанда, реформалардың жаңа пакеті саяси жүйенің өзгеру процесін аяқтайды. Енді барлық негізгі саяси институттарды (Президент, Парламент, мәслихаттар, Үкімет) қайта іске қосу міндеті тұр. Оның бірінші кезеңі Жолдауда жарияланған президенттік сайлау болады», - деді Мемлекеттік кеңесші. https://ortcom.kz/kk/novosti/1663313232
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663313232
18.09.2022
МӘМС жүйесін енгізу қаржыландыруды 80% арттыруға мүмкіндік берді Қазақстанда МӘМС жүйесін енгізу қаржыландыруды 80% арттыруға мүмкіндік берді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылып жатыр. Медициналық көмектің қаржыландыру көлемі және қолжетімділігінің артуын, жаңа инновациялық технологиялардың игерілуін елімізде МӘМС-ті енгізумен байланыстырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова хабарлады. «Қаржыландыру медициналық көмектің барлық бағыттары бойынша артты, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулерге 2 есе; консультативтік-диагностикалық және медициналық оңалту қызметтерге 10 есе; стационарлық көмек 54%-ға; жоғары технологиялық медициналық қызметтер 3 есе. МӘМС жүйесін енгізгелі бері амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер - КТ, МРТ, ПЭТ медициналық көрсетілімдеріне қарай еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болды. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтік осал 8 санаттағы халыққа ғана қолжетімді еді, амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны айтарлықтай артты», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663321248
18.09.2022
Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына қаржының жеткілікті бөлінбеуі нәтижесінде сақтандырылған азаматтар өздеріне тиесілі медициналық қызметті толық көлемде ала алмай отырғанын айтты. Президенттің саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасы аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова хабарлады. «Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және халықтың 15 жеңілдік алушы санаты үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарнасына жұмсалатын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау; қаржыны әкімшілендіруді оңтайландыру және оны тиімді пайдалану мақсатында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен МӘМС пакеттерінің қаржы ағынын біріктіруді заң жүзінде реттеу; МӘМС жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды толыққанды іске қосу үшін медициналық көмек бағыттары мен ерікті медициналық сақтандыру есебінен өтелуге арналған қызметтер тізбесі анықталады, сондай-ақ шетелдіктерге, дәлірек айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерге міндеттелетін медициналық сақтандыру заң жүзінде бекітіліп, іске асырылады», - деді спикер. Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тіркелмеген жұмыссыздар және ресми еңбек шартынсыз жұмыс істейтіндер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663321250