Текст
07.10.2022
Президент тұрмыстық техника шығаратын «Silk Road Electronics» және көлік дөңгелегін шығаратын «KamaTyresKZ» зауыттарының және өнім түрлерімен танысты Президент Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында тұрмыстық техника шығаратын «Silk Road Electronics» және көлік дөңгелегін шығаратын «KamaTyresKZ» зауыттарының және өнім түрлерімен танысты «KamaTyresKZ» дөңгелек зауытын биыл жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын бастапқы кезде жеңіл және жеңіл жүк көліктеріне арналған дөңгелектер шығарады. Кейін жобаның екінші кезеңінде транспортер, конвейер лентасы сияқты резинатехникалық бұйымдар, ал үшінші кезеңінде ауыл шаруашылығы техникасы дөңгелектерін өндіре бастайды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 3,5 миллион дөңгелек шығаруға есептелген. Қазіргі кезде зауыт серіктестерімен бірлесіп, өзіне қажетті мамандарды даярлауға кіріскен. Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде 68 адам «Резина техникалық бұйымдар» және «Шина өндірісі» мамандығын игеруді бастады. Ал құрылысы екі жылдан кейін аяқталуға тиіс «Silk Road Electronics» зауыты жыл сайын теледидар, электр сужылытқыш, шаңсорғыш, асүй плитасы мен желдеткіш секілді тұрмыстық техникаларды шығарады. Зауыттың болашақ өнімдері қойылған шағын көрмені аралап шыққаннан кейін Мемлекет басшысы зауыт басшылығымен әңгімелесті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664959367
07.10.2022
Мемлекет басшысы автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты. Президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды. Зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған. Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек. Зауыт әлемдегі жолаушылар көлігін өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Серіктестік аясында компания қазақстандық зауытқа қажетті технологияны кезең-кезеңімен береді. Қазіргі кезде автобустар бөлшегінің 33 пайызы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50 пайыздан асыру жоспарланып отыр. Бүгінде зауытта 560 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымының басым бөлігі - Саран қаласының жергілікті тұрғындары. https://ortcom.kz/kk/novosti/1664959014
06.10.2022
Президент Қарағанды облысын дамытудың 8 басымдықтарын айқындады Президент Қарағанды облысын дамытудың басымдықтарын айқындады. Президент Қарағанды облысын дамытудың басымдықтарын айқындады: БІРІНШІ. Өңдеу өнеркәсібін қолдау. ЕКІНШІ. Өңірдің транзиттік-тасымал әлеуетін арттыру. ҮШІНШІ. Моноқалаларды дамыту. ТӨРТІНШІ. Экологиялық жағдайды жақсарту. БЕСІНШІ. Өнеркәсіп кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. АЛТЫНШЫ. Сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту. ЖЕТІНШІ. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту. СЕГІЗІНШІ. Облыс орталығын дамыту.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664950088
06.10.2022
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының тұрғындарын ордендер мен медальдармен марапаттады Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Қарағанды өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1030 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін: «Құрмет» орденімен «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева; «Құрмет» орденімен «Қарағанды облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов; III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Kazakhmys Coal» ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда наградталды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664949532
06.10.2022
Президент Қарағанды облысындағы барлық жол құрылыс жұмыстарын екі жыл ішінде аяқтауды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде "Қарағанды облысы еліміздің дәл ортасында орналасқан. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық", - деп атап өтті. “Қазір Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалуда. Үкіметке «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын”, – деді Мемлекет басшысы. “Сонымен бірге, «Қарағанды – Жезқазған» күре жолы да аса маңызды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсарады. Жүк тасымалы көбейеді. Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек. Сондай-ақ, «Қарағанды – Қарқаралы» тас жолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет”, – деді Қ.Тоқаев.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664948106
06.10.2022
Қ.Тоқаев: Қарағанды өңірі – Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде "Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық. Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор", деп атап өтті. “Талай тарихи оқиғаның куәсі болған шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан. Қарағанды өңірі – Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сияқты Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер”, – деді Мемлекет басшысы. “Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу секторының үлесі 80 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша аймақ көш бастап тұр. Сондай-ақ осы бағытты одан әрі дамыту үшін облыстың мүмкіндігі мол. Биылғы шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу саласындағы инвестициялық жобалардың пулын жасақтау жұмыстарына баса мән беру қажеттігі туралы айттым. Күрделі геосаяси ахуалға және әлемдік экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты отандық экономиканы әртараптандырудың маңызы одан әрі арта түседі”, – деді Президент.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664947372
06.10.2022
Бірден бірнеше республикалық ұйым Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы бастама көтерді Ұлттық волонтерлік желісі кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін елордада ұлттық волонтерлік желісінің жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің волонтерлер қауымы 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды. «Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік саладағы барлық маңызды бастамаларды қолдап келеді. Сондай-ақ волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін және еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз», - деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Қазақстанның Азаматтық альянсы да Президент лауазымына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. «1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы өз Жолдауында күзде Президент сайлауы өтетінін айтқан сәттен бері маған, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, біздің бірлестіктің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде көптеген өтініштер, телефон қоңыраулары келіп түсті. Олар қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ҚР Президенті лауазымына ұсынуымызды өтініп қана қоймай, талап етуде», - деді Бану Нұрғазиева ұйымның конференциясында.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664945918
06.10.2022
«сайлау2022» «выборы2022»
06.10.2022
ЖСН-ге ұқсас бірегей нөмір Қазақстандағы құрылыс нысандарында да пайда болады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін енгізу мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. ИИДМ басшысының хабарлауынша, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі – елді мекендердің ағымдағы және жоспарланып отырған дамуы туралы ақпаратты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Бұл жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Жүйенің негізгі міндеттері: қала құрылысы кадастры деректерін толтыру және өзектендіру, халықпен бизнесті инженерлік желілер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесін қалыптастыру.
https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664865051
06.10.2022
1 млрд теңгеден астам үнемдеу: Астанадағы әлеуметтік нысандар газға көшірілді Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды. Әлеуметтік нысандарды газға қосудамыз. Елорданың елді мекендерінде автономды жылу көздері арқылы жылытылған әлеуметтік нысандар бар. Олар автономды жылу көздері арқылы, яғни, көмір немесе бірнеше есе қымбат дизель отыны арқылы жылытылды. 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстырылды, қалған 7 нысан бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында елді мекендердегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді жылытқан 3 аудандық жылу қазандығы да бар. Бұл объектілерді газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады. Мысалы, бұрын №40 мектеп дизельдік отынмен жылытуға жылына 160 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаса, газбен бұл сома шамамен 4 есеге азайды. Ал, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үнемдеуі жылына 60 миллион теңгеден асады. Үйлерін газға ауыстырған Көктал-1 ауданының тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар көмір сатып алудың, күлді тазалаудың, күні бойы үйде отынды қадағалаудың қажеті жоқ екендігін, сондай-ақ, газдандыру экологиялық таза және қауіпсіз екенін атап өтті, - деп жазды шаһар басшысы.
https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664943584