"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент Қарағанды ​​облысындағы барлық жол құрылыс жұмыстарын екі жыл ішінде аяқтауды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде "Қарағанды облысы еліміздің дәл ортасында орналасқан. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық", - деп атап өтті. “Қазір Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалуда. Үкіметке «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын”, – деді Мемлекет басшысы. “Сонымен бірге, «Қарағанды – Жезқазған» күре жолы да аса маңызды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсарады. Жүк тасымалы көбейеді. Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек. Сондай-ақ, «Қарағанды – Қарқаралы» тас жолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет”, – деді Қ.Тоқаев.

06.10.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1664948106

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст