Текст
21.09.2022
Астана филармониясы XXVI концерттік маусымын Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойымен ашты XXVI концерттік маусым шымылдығын Еркеғали Рахмадиев атындағы МАФ Қазақ оркестрі қазақтың аты аңызға айналған күміс көмей әншісі Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты концертімен ашты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Кеш бағдарламасында Динаның «Әсем қоңыр», Жамбылдың «Күләшқа» әні, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Гәкку», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұл», Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан айтыс, «Абай» операсынан Ажар ариясы, «Қыз Жібек» операсынан «Шегенің термесі» орындалды. Концертте Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері – Арайлым Рахымқызы, Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Бибігүл Жанұзақ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Алтынбек Әбілда, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Феруза Рахметова, Әйгерім Аманжолова, Әйгерім Ораз, Талғат Аллабиринов, Ботагөз Тәшімова өнер көрсетті. Қазақ оркестрінің бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер – мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663729917
21.09.2022
Үкімет басшысы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысында жол апатынн қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Премьер-Министр кеңесесіне Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр. Осыған дейін қарағанды облысындағы жол апатынан 2 дәрігердің қаза тауып, 8-і жарақат алғанын хабарладық.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663734560
21.09.2022
Урожай 2022: в Казахстане убрано порядка 86% площади зерновых На сегодняшний день по всем областям республики продолжается уборка урожая. По данным акиматов убрано 13,9 млн га зерновых и зернобобовых культур или 86,3%, при средней урожайности 12,5 ц/га намолочено 17,3 млн тонн зерна. Что касается других сельхозкультур, то валовой сбор маслосемян составил 363 тыс. тонн, собрано 3,6 млн тонн овощей и 2,1 млн тонн, картофеля. Работы продолжаются. В Казахстане функционируют 189 лицензированных хлебоприемных предприятий с общей емкостью хранения 12,8 млн тонн. Проводится плановая работа по их подготовке к приему нового урожая. Кроме того, у сельхозтоваропроизводителей имеются собственные емкости хранения рассчитанные на 16,6 млн тонн зерна. С учетом прогнозируемого урожая указанных объемов будет достаточно для хранения зерна.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663674096
21.09.2022
Қазақстан мен БАӘ арасында $900 млн болатын келісімдерге қол қойылды Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы елдің іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т. б. салалардағы жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды. Әлихан Смайылов «Mubadala» тобының бас атқарушы директоры Мусаббих әл-Каабимен кездесті. «Mubadala» – бағалау активтері $285 млрд-ты құрайтын және тәуелсіз қорлардың әлемдік рейтингісінде 13-ші орынға ие мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компания. Премьер-Министр ҚР Үкіметі бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. «Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені салаларында әлеуетіміз зор. Бұл тұрғыда әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, арнайы әзірленген жаңа жобаларды іске асыруға қатысуды ұсынамын», — деді Әлихан Смайылов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663671706
21.09.2022
Президент Жарлығы: Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы. «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663556661
21.09.2022
Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Заңға қол қойды Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663417713
21.09.2022
Тоқаев Головкинге: Сен әлемдегі және еліміздегі ең үздік чемпион болып қала бересің Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті. Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті. - Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз! - деді Президент.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663555979
21.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді. ▪️ Мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді. ▪️ Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі. ▪️ 20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. ▪️ Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр. ▪️ Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663556241
21.09.2022
Алматының он тұрғыны «Қаланың Құрметті азаматы» атағын алды Алматы тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтті. Қаланың әртүрлі бөліктерінде мерекелік іс-шаралар басталды-концерттер, көрмелер, қойылымдар және басқалар. «Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанатында қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға құттықтау сөз сөйледі. «Сіздерді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бәріміз үшін, әрбір алматылық үшін ерекше мереке! Мен осында туып өстім, менің ең жылы естеліктерім Алматымен байланысты. Мұнда мен отбасын құрдым, балаларым өсіп келеді. Бізде Алматыны дамыту бойынша үлкен мақсаттар мен міндеттер бар. Бәріміз бірге қаламызды одан одан да жақсырақ және әдемі етуіміз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жайлы қалалық орта құру және мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың табысын арттыру. Мен Алматының барлық тұрғындарына шын жүректен махаббат пен зор денсаулық тілеймін! Біздің Алматы өсіп, гүлдене берсін!», – деді Ерболат Досаев. Құттықтау сөзінен кейін мегаполис басшысы Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан 10 тұрғынды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарына Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих мұғалімі, қоғам қайраткерлері, әртістер және т.б. кірді. Құрметті атақтан басқа, марапатталғандар 1 млн теңгеге ақшалай сертификаттар алды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663559124
21.09.2022
Павлодар облысында 1200 бас малға арналған сүт-тауарлы ферма ашылды Ақтоғай ауданындағы жаңа ферма өңірдің ішкі нарығының жүз пайызын сүтпен қамтамасыз етеді. Шикі сүт өндіру көлемі жылына шамамен 10 мың литрді құрайды. Кәсіпорынның бас директоры Александр Терентьевтің айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорын Словакиядан сүт және ет бағытындағы симментал тұқымды 93 ірі қара мал әкелді. Жыл соңына дейін тағы 1000 аса бас мал әкелу жоспарланып отыр. Әбілқайыр Сқақов мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтіп, ұжымға табыс тіледі. Біздің облыс ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуда, - деп атап өтті облыс әкімі. – Бұған Ертістің су әлеуеті ықпал етеді. Тек соңғы 2,5 жыл ішінде суармалы егістік алқаптары 40%-ға өсті, бұл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына оң әсер етеді. Ферманың іске қосылуымен 90 жұмыс орны ашылды. Инвестициялық жобаның құны 6 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны өңірдің ішкі нарығын 100%-ға қамтамасыз етеді. ▪️Биылғы жыл рекордтық жыл болды – агроөнеркәсіп кешенді субсидиялауға 450 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Павлодар облысының мысалында мемлекеттік қолдау шараларының оң нәтижелерін көріп отырмыз, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. Жалпы, өңірде жұмыс істеп тұрған 36 сүт-тауарлы фермалардың әрбір үшіншісі соңғы екі жылда іске қосылды. Осының арқасында 500 жұмыс орны құрылды. Тағы сегіз сүт-тауарлы фермасын ашу жоспарланып отыр.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663558327