"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызылордада стартап-инкубатор бағдарламасының жеңімпаздары жеке IT-жобасын іске қосу үшін 5 миллион теңге алады Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде бес жылдан бері кәсіп ашуға қызығушылығы бар жастар үшін «Кәсіпкерлік орталығы» жұмыс істейді. Сәйкесінше, биыл алғаш рет Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық жоба іске қосылмақшы. Бұл жоба 16 қазан-16 қараша аралығында өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Businees start» кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев мәлімдеді. «Біздің орталық жастардың инновациялық және IT саласының жобаларын дамытумен айналысып келеді. Өңірде Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық кезеңін өткізбекшіміз. Мұнда облысымыздағы барлық IT мамандарды жинап, өздерінің идеялары мен ерекше жобаларын дамытуға атсалысамыз. Аталмыш жобаға қатысу арқылы өзіңіздің IT жобаңызды іске қосудың тиімді тәсілдерін және алғашқы инвестицияны тартуды үйренесіз. Стартап-инкубатор бағдарламасының қатысушыларының арасында 5 млн. теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, бүгінде ENACTUS KAZAKHSTAN-ның бас офисі арасында меморандум жүргізілуде», -деді Жанарыс Түбекбаев. Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар үшін «HACKHATON» конкурсы ұйымдастырылуда. Студенттерге 450 000 теңге қаржылай сыйақы, ал мектеп оқушылары үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен арнайы грант бөлінеді. Бұдан бөлек, облыс жастары арасында дәстүрлі түрде «PECHAKUCHA» танымдық-тренинг ұйымдастырылады.

06.10.2022

 https://ortcom.kz/kk/novosti/1664860572

Просмотров: 188


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст