"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үкіметте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуды күшейту жөніндегі шаралар қаралды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделін енгізу мәселелері қаралды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полицияға жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 100 мыңнан астам өтініш келіп түсетінін баяндады. Бұл ретте жағдайлардың 60%-ында жәбірленушілер құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдаудан бас тартады. 2022 жылы 37 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 7%-ға (623-тен 583-ке дейін) төмендеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жауапкершілікті қатаңдату шараларын, сондай-ақ отбасының шырқын бұзушыларды оңалту және олармен тәрбие жұмысын жүргізуді қамтитын қадамдарды әзірледі. Осылайша, бұл саладағы іс-қимылдарды үйлестіру үшін уәкілетті мемлекеттік органды белгілеу ұсынылып отыр, бұл репрессивті шараларға емес, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, балаларды тәрбиелеу және жалпы, отбасы мәртебесін көтеру мәселелерін шешуге басымдық беруге жол ашады. Сонымен қатар тұрмыстық қылмыстарды тіркеудің өтініш беру түрінен анықтау сипатына көшу жоспарлануда, бұл полицияға құқық бұзушыны жәбірленушілердің өтінішінсіз, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, жазаның бұлтартпаушылық принципі қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, әкімшілік қамауға алудың ең аз мерзімін 5 тәуліктен бастап (бұрын болмаған) белгілеу, тергеу кезеңінде отбасының шырқын бұзушыны оқшаулау және оны соттың қамауға алу мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ тараптардың тек бір рет және сотта ғана татуласуына мүмкін беру ұсынылуда. Осы тақырып бойынша Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және әділет вице-министрі Алма Мұқанова баяндама жасады.

03.10.2022

 https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664682700

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст