Текст
27.09.2022
Т. Дуйсенова: работодатели обязаны повышать квалификацию молодых работников В настоящее время работодатели, принимающие на работу молодёжь, несут ответственность и по вопросу повышения их профессиональных навыков. Высокая квалификация молодёжи обоюдно выгодна обеим сторонам. При этом в Налоговом кодексе предусмотрены соответствующие льготы. Об этом в СЦК сообщила министр труда и социальной защиты населения РК Тамара Дуйсенова. По её словам, также внесён на рассмотрение в Мажилис законопроект «О профессиональных квалификациях». В его рамках будет запущен институт сертификации, где молодые люди будут оценивать свои знания, навыки. «Теперь молодые люди, даже не имея диплома, могут получить сертификат и устроиться на работу. Если смотреть на мировой опыт, то сегодня при трудоустройстве важную роль играет сертификат, подтверждающий навыки работника, то есть практическая работа и квалификация», - сказала спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664186766
21.09.2022
Біздің қалалық жетістіктер
21.09.2022
"Сөйлеу патологиясы бар балалардың даму бұзылыстарын диагностикалау мен түзетудің заманауи технологиялары" логопед Оспанова Ақмарал Жемисовна
21.09.2022
ДМШ балалардың тиімді нәтижелері үшін мультивариативті логопедиялық тапсырмалар Мартышева Наталья Владимировна
21.09.2022
Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Бірге ойнап жүремін. #6 " Светлячок " тобы Өткізген:Саликова Н.М
21.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен кездесу өткізді Мемлекет басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит аясында Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Тараптар саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың барысына көңілдері толатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Шарль Мишельді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті тұрақты байланыс орнатуға келісті. Қазақстан Президенті кездесу соңында Шарль Мишельді елімізге сапармен келуге шақырды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663728078
21.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия Президентімен келіссөз жүргізді 20.09.2022 _ 21:10 Жаңалықтар Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынасты растады. Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663686780
21.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президентімен кездесті Мемлекет басшысы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен кездесу өткізді. Жүздесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кетіп жатқан Питер Маурерге ұйымды басқарған соңғы он жылда табысты жұмысы мен біздің елімізбен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Питер Маурер өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Халықаралық ұйым төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың маңыздылығын және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663685770
21.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен келіссөз жүргізді Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты келіссөздер бағдарламасын БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен болған кездесуі ашты. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан - Австрия ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетін талқылады. Тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге деген дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм және инфрақұрылым салаларында австриялық технологияларды трансферттеуге қызығушылық білдірді. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663681255
21.09.2022
Президент Жолдауы-2022: елорда тұрғындары өз ойларымен бөлісті Елорда тұрғындары Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауына қатысты пікір білдірді. Қала тұрғындары негізінен 18 жасқа дейінгі балаларға дивиденд төлеу және зейнеткерлік жасты төмендету сияқты бастамаларды ерекше атап өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Сауалнамаға қатысқан елорда тұрғындарының басым бөлігі Президенттің бала күтімі бойынша төлем мерзімін ұзарту жөніндегі бастамасын қолдады. «Мен декретте жүргендер үшін жәрдемақы 1,5 жыл төлейтінін естігенде қатты қуандым. Бұл өте қуанарлық жайт», - дейді қала тұрғыны. Зейнеткерлік жасқа келетін болсақ, бұл идеяны астаналықтар да қолдады. «Зейнеткерлік жасты арттыру – әлемдік үрдіс. Менің ойымша, бұл айтарлықтай айырмашылық емес әрі айтарлықтай қиындық тудырмайды», - деп санайды елорда тұрғыны. Қала тұрғындары Президентке зейнеткерлік жасты ғана емес, балаларды қамтамасыз ету мәселесін де назардан тыс қалдырмағаны үшін алғыс айтты. «Біз Президентке «Ұлттық қор – балаларға» деген бастамасы үшін ризамыз. Балалардың кәмелеттік жасқа толғанда оқуға немесе тұрғын үйге белгілі бір сомасы жинақталатыны қуантады», - дейді олар. Қатысушылардың айтуынша мұндай төлем жастарды ел демографиясын көтеруге ынталандыратынын атап өтті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663671292