Текст
08.10.2022
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізіндегі шекараны делимитациялауды Мәжіліс мақұлдады Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан шекарасын межелеу туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдап, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды. Палата отырысы мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасын қараудан басталды. Жобаны Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды. «Заң жобасы мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау жүйесіне және олардың орындалуына жауапкершілікті өзгерту бойынша Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауға бағытталған», – деді А.Қожахметов. Бұдан бөлек жобада ротация тетігін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілерді республика өңірлеріне ротациялауға ынталандыру да көзделген. Депутаттар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін анықтап, оны жұмысқа қабылдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы болды. Аталған шарт былтыр қазан айында Ашхабатта жасалған.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665115255
08.10.2022
Қазақстан Президентінің алдағы аптасы халықаралық оқиғаларға толы болмақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады 11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған. 12-13 қазанда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. 14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған. 15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1665115841
08.10.2022
Жамбыл облысында қант қызылшасының егіс алқаптары екі есеге ұлғаяды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленген болатын. Кешенді жоспар қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді іске қосу, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша зауыттардың қуаттылығын арттыру міндеттерін көздейді. Бүгінде осы бағыттар бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жоспарлы межелер белгіленуде. Аймақта тәтті түбір алқабы жыл сайын ұлғая түсіп, өнімділігі арту үстінде. Ағымдағы жылы қант қызылшасы 5,5 мың гектарға егілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады деп күтілуде. Оған мемлекет тарапынан қолдау ретінде төленетін субсидия көлемінің 15 теңгеден 25 теңгеге (1 келісіне) өсуі айрықша серпін беріп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов атап өтті. - Биыл жалпы 5,5 мың гектар тәтті түбір алқабынан 214,4 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытқа дейін 160 гектар алқаптан 12 946 мың тонна өнім жиналса, оның 11 076 тоннасы қант зауыттарына өткізілді. Облыс бойынша әр гектардан алынған орташа өнім 630 центерді құрауда. Жинау жұмыстарына 30-дан аса техника жұмылдырылған. Жалпы 2022 жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 30,0 мың теңгені құрайды. Яғни, қант зауыты өткізілген өнімнің тоннасына - 15,0 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан - 15,0 мың теңге субсидия төленеді. Ал, 2023 жылы баға 40,0 мың теңгеге көтеріледі. Атап айтқанда, қант зауыты қызылшаның әр тоннасына 15,0 мың теңге төлесе, мемлекеттік қолдау 25 мың теңгеге жетеді. Нәтижесінде тәтті түбір алқабы келесі жылы 10,0 мың гектарға жеткізіледі,-дейді Е. Жиенқұлов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665116245
08.10.2022
Ақтөбе облысының билігі 2025 жылға қарай халықты 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Аймақ басшысының жұмыс сапары облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолын аралаудан басталды. Жол 2019 жылы орташа жөндеуден кейін пайдалануға берілгенімен, қазіргі уақытта кейбір учаскелерде көптеген ақаулары бар. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер компанияның басшылығы «Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолын қайта жаңғыртуға байланысты бұл жол арқылы жүрушілердің көбеюінен деп ақталып отыр. Олардың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдың жүк көтергіштігіне есептелген жүк көліктерінің өтуі облыстық жолдың бұзылуына әкеліп соққан. Облыс әкімі ауыр жүк көліктерінің бұл жолмен өтіп, жолды бұзуына байланысты сұрақ қойды. «Басқарма, көлік инспекциясы, аудан әкімдіктерінің бақылауы қайда? Бұл жолға қаншама қаржы құйылды... Оны халыққа қалай түсіндіресіз? Мұндай жолмен адамдар қалай жүруі керек?» — деді облыс әкімі.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665116597
08.10.2022
Атырау облысы мен Түркияның Мерсин провинциясы сауда-экономикалық байланыс орнатуда Атырау облысы мен Мерсин провинциясы арасында сауда-экономикалық байланыс орнатылмақ Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Түркия Республикасы Мерсин провинциясы Мезитли ауданының мэрі Нешет Тархан бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы бауырлас елмен көп жылдан бергі байланыстың табысты болғанын атап өтіп, әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барысында Серік Шәпкенов Атырау облысы үшін маңызы бар барлық ұсыныстар мен жобаларды қолдайтынын мәлім етті. - Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Түркиямен арадағы дипломатиялық қатынас үздіксіз дамып келеді. Атырау облысында түрік кәсіпкерлері бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асыруда. Дегенмен ауылшаруашылық, туризм және мәдениет саласындағы байланысты бекемдей түсуге болады. Экономикалық әлеуеті жоғары Атырау облысында мұнай-химия саласын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Осы орайда полиэтилен мен пропилен өндірісінде түрік бизнесмендерімен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз,-деді С.Шәпкенов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665116904
08.10.2022
2022 жылы Қызылорда облысында 359 шақырым жолды жөндеуге 18,6 млрд теңге бөлінді Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен биылғы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар барысы қаралды. Жиында жол саласына жауапты жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П.Шамұратов баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды. 2022 жылы жергілікті жол желісін дамытуға 18,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 359 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізу жоспарланған. Есепті кезеңде бөлінген қаржының 82% игеріліп, ұзындығы 275 шақырымды құрайтын көшелер мен жол желілері жөндеуден өтті. Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларына, жауапты мемлекеттік орган басшыларына автомобиль жолдары мен көшелердің салу, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, құрылысы жүргізіліп жатқан объектілердің бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу және мерзімінде аяқтау, жол белгілерін жаңарту, күтіп ұстау жұмыстарын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665118042
08.10.2022
Қазақстаннан алғашқы: Ақтау тұрғыны гидрокостюмсіз Испания мен Марокко арасындағы Гибралтар бұғазын жүзіп өтті Ақтау тұрғыны Құрал Жоламан гидрокостюмсіз Гибралтар бұғазын 5 сағат 58 минутта жүзіп өтті. Ақтау қаласының тұрғыны Құрал Жоламан Гибралтар бұғазын су киімінсіз 5 сағат 58 минутта жүзіп өтті. Әкесінің айтуынша, ол бүкіл мұхитты бағындыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы lada.kz порталына экстремалды спортшының әкесі Толыбай Таласбаев айтты. Оның айтуынша, 30 қыркүйекте Құрал Жоламан жүзу жарысына қатысып, Испаниядан Мароккоға дейінгі 16,7 шақырымды жүріп өткен. Мароккодағы Куралдың Африка жағалауларына жүзу Еуропаның ең оңтүстік нүктесінен - Тарифадан басталды. Толыбай Таласбаев ұлының Ақтаудағы Гибралтар бұғазы арқылы Каспий теңізінде жүзуге дайындалып жатқанын атап өтті. Гибралтарды жүзіп өту оңай емес. Бәрі сәтті бола бермейді. Қатты жел, қатты толқын және суық су бар дегендей. Дегенмен Құрал жүзіп өтті. Осылайша ол 740 жүзушінің ішінен Гибралтарды су киімінсіз жүзіп өткен бірінші қазақстандық болды, - деді ер адам.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665118785
07.10.2022
Темірді тікелей қалпына келтіретін Қазақстанда теңдесі жоқ зауыт Текеліде іске қосылды Тікелей қалпына келтіретін зауыт іске қосылды. Мұнда қолданылатын өндірістік технологияның әзірге Қазақстанда теңдесі жоқ, экологиялық жағынан деңгейі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұны отандық қара металлургия саласын дамытудың маңызды қадамы деуге болады. Бірінші кезеңде 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алдағы уақытта жұмысшылар санын 500-ге дейін ұлғайту көзделген, тартылған инвестиция көлемі 4 млрд. теңгеден асады. Экспортқа бағытталған осы кәсіпорынның салтанатты ашылуына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, «Горное бюро» ЖШС компаниялар тобының директоры Абдраман Еділбаев, зауыт жұмысшылары мен текелелік тұрғындар қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Текеліліктер мен зауыт ұжымын кәсіпорынның ресми ашылуымен құттықтаған Бейбіт Исабаев жыл басынан бері облыс экономикасына 129 млрд. теңге инвестиция тартылып, 15 инвестициялық жоба іске асырылғанын атап өтті. Солардың бірі – Текеліде ашылып отырған «Электромарганец» ЖШС. Бұл кәсіпорын металлургия саласындағы ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізіп отырған айтулы нысан. Бүгін ашылып отырған «Электромарганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темірді тікелей қайта қалпына келтіретін зауыты Текелі қаласының ғана емес, тұтас облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Өндірістің экологиялық жетістігі - ғылыми ізденістер мен заманауи технологияны қабыстырудың қандай табысқа жеткізетінінің айқын айғағы. Ел Президентінің алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі де осы. Бұл алғашқы қарлығашы десек те болады. Кәсіпорынның болашағы зор, алдағы жоспары ауқымды. Мұнда бірінші кезеңінде 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алда жұмыс орнын бұдан әрі көбейтіп, кәсіпорынның қуатын арттыра түсу межеленіп отыр. Осыған орай жергілікті оқу орындарына технологтар дайындау, өңірдегі колледждерде салаға қажетті жаңа мамандықтар ашу мәселесінің де өзекті екенін айту керек. Сондықтан біз жаңа кәсіпорындарды заманауи, жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз етуіміз керек, - деді Б. Исабаев.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665035904
07.10.2022
1 млн теңгеден және төсбелгілері: Астана мұғалімдерін мерекемен құттықтады Астанада мұғалімдер күніне және ТМД-ға мүше мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезіне арналған "Ұлт шамшырағы-ұстаздар" атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласының білім басқармасы ұйымдастырған мерекелік концертке ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов, қала әкімі Алтай Көлгінов, республиканың білім беру ұйымдарының қызметкерлері, елордалық педагогтар, ардагер-педагогтар, қоғам қайраткерлері және т. б. қатысты. Мерекелік іс-шара барысында №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі Гүлшара Дүйсенова, № 26 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Лаура Шоразова, Ғафу Қайырбеков атындағы № 26 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алма Нұркенова, қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Алла Король, № 2 "Батыр" балабақшасының тәрбиешісі Наима Жукенова, "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының оқытушысы Корлыгаин Баяхметова, ардагер мұғалім Ботагөз Жүнісова "Еңбек ардагері", "Астана қаласының құрметті педагогы", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ мұғалімдерге 1 млн теңге сомасына алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді. "Құрметті мұғалімдер, құрметті білім беру саласының ардагерлері. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес біз жайлы мектептер – ірі габаритті мектептер салуға кірістік. Бұл жұмысты ҚР Білім министрлігімен бастадық. Қазір біз 80 мың оқушы орнына (2 ауысымда) 20 ірі мектеп жобалап жатырмыз. Мектеп салу үшін 70-тен астам учаске анықталды. Аталған жер учаскелерінің ауданы 240 мың оқушы орнына (2 ауысымда) оқу орындарын салуға мүмкіндік береді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1665035701
07.10.2022
Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық жоба дайындайды Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен туристік компанияларының қатысуымен «Табаррук Зиёрат» пилоттық жобасын іске асыруға арналған Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде форум өтті. «Табаррук- Зиёрат» — Қазақстан мен Өзбекстандағы Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени орталықтарды: Түркістан-Самарқанд-Ташкент біріктіретін қажылық туризмі бойынша трансшекаралық туристік жоба. Туроператорлардың қатысуымен Өзбекстанмен бірлесіп ілгерілетілетін трансшекаралық тур әзірленеді деп күтілуде. Форумда шекараларды кесіп өту, туристік өнімді бірлесіп ілгерілету, туристік нысандарда саяхатшылар үшін тиісті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. «Табаррук Зиёрат» пилоттық жобасының іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ағымның өсуіне оң әсер етеді, сондай - ақ ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ғана емес, ең бастысы түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын біріктіретін бірегей туристік өнімге айналады», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков. Іс-шаралар қорытындысы бойынша жобаны іске асыру үшін бірлескен іс-қимыл жоспары қолға алынды. Оған жақын арада қол қойылады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665033787