Текст
13.10.2022
Қатар Әмірі «Алтын Қыран» орденімен марапатталды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті. Орден табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің халық алдындағы абырой-беделін, ел басқару ісіндегі даналығы мен ерекше тұлғалық қасиеттерін, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Дохада өткен кездесуде шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
http://https://ortcom.kz/kk/novosti/1665555402
13.10.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәмим бен Хамад Әл Тәни БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент келіссөздерге мәнді де, мағыналы пікір алмасу болды деп баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қатар арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде екі елдің ынтымақтастығы нығайып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар, сондай-ақ жаһандық және өңірлік құрылымдар аясындағы іс-әрекеттер дамып келе жатқанын атап өтті. –Жалпы, Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес. Себебі Доха біздің әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларымызға алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Мен мұны бүгін шейх Тәмимнің өзіне де айттым. Оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім, – деді Мемлекет басшысы.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665559036
13.10.2022
Мемлекет басшысы профессор Наум Шафердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, профессор Наум Григорьевич Шафердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. – Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деп жазылған жеделхатта.
http://https://ortcom.kz/kk/novosti/1665561880
13.10.2022
Мемлекет басшысы Сингапур делегациясын қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті. Мемлекет басшысы Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуы АӨСШК үдерісінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны атап өтілді. Өз кезегінде Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Ли Сянь Лунның ізгі тілегін жеткізді. Сингапур делегациясының басшысы өз елінің Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Кездесу соңында Сингапур министрі Мемлекет басшысына Президент Халима Якобтың Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын тағы да растады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665563641
13.10.2022
"Нан біздің-байлығымыз"
12.10.2022
Жұматай Әлиев ҚР ОСК-ға құжаттарын тапсырды Ортсайлаукомға Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары түсті 2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды: 1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665466331
11.10.2022
5-топ "Радуга" Крестова Л. В. Мүсіндеу "Қызанақты тұздау" мақсаты: бала көкөністерді атайды, дөңгелек пішінді белгілейді, желімді қолдана алады", М4К дағдылары мен дағдылары қалыптасады, сөйлеу, зейін, есте сақтау қабілеті дамиды, дәлдік, табандылық көрсетеді.
11.10.2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665401603
11.10.2022
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген. Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665402716
11.10.2022
Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгеріс енгізетін заң ратификацияланды Ақорда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгеріс енгізетін заңды ратификациялады. Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665400211