"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан мен Қатар екіжақты 12 құжатқа қол қойды Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында мынадай екіжақты құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Білім және жоғары білім министрлігінің арасындағы жоғары білім саласы және ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастық туралы келісім; 4. Астана қаласының әкімдігі мен Доха қаласының муниципалитеті арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісім; 5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Сауда және индустрия министрлігі арасындағы сауда саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасында денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы келісім; 7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Муниципалитет министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 8. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрілігі Метрология және стандарттау институты мен Қатар Мемлекетінің Стандарттау бас ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 9. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Спорт және жастар министрлігі арасындағы спорт саласы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарлама; 10. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарлама; 11. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің туризм жөніндегі ұлттық кеңесі арасындағы туризм саласы және маркетинг шаралары бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 12. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институты арасында дипломаттарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.

Просмотров: 261


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст