Текст
08.10.2022
математика негіздері. Тақырыбы: "шамаларды салыстыру" Мақсаты: әр түрлі ұзындықтағы, биіктіктегі,ені мен қалыңдығындағы заттар арасындағы өлшемді қатынастарды орнатуға үйрету.Шотты кез-келген саннан тікелей және кері тәртіпте бекітіңіз. М 4 к дағдылары мен дағдылары қалыптасты. Логопедиялық топ 2.Тәрбиеші: Лычкина Н.П.
08.10.2022
3топ "Балауса " логопед: Маханова Н.К Тақырыбы: "Көкөністер" Мақсаты: Байланыстырып сөйлеу тілін,көркемдік талғамын,сөздік қорын молайту. Көріп қабылдауын,есте сақтау қабілетін дамыту. Адамның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
08.10.2022
3"Балауса" логопедтік тобы. Тақырыбы: Алтын күз (шығармашылық) Мақсаты:Күз мезгілі туралы және күздегі өзгерістерді біледі.Балалар,карандаш және желіммен жұмыс жасай алады.Түстерді ажыратады.
08.10.2022
#4 "Непоседы" мектепалды даярлық тобы. ҰОҚ:Қазақ тілі Білім беру саласы: коммуникация Мақсаты:Балалардың көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Жемісітер мен көкөністерді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Адамның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ тілі мұғалімі: Саликова Н.М
08.10.2022
Дене шынықтыру нұсқаушысы Корунец О. А "жүгіруші күні" жарысы аға, мектепке дейінгі жас. Міндеттері: моториканы және дағдыларды қалыптастыру. Тірек-қимыл аппаратын нығайтуға ықпал ету. Дамыту жылдамдық, ептілік, назар.Балаларда жүгіру түрлеріне деген қажеттілікті тәрбиелеу.
08.10.2022
№7 "ТЕРЕМОК" тобының тәрбиеленушілері өз алаңында Алтын күзді қарсы алды ,балалар қуана ойнап, би биледі, күз балаларды тәтті тағаммен қуантты.!
08.10.2022
Қазақстан Республикасының Президетінің сайлауы
08.10.2022
Қазақстан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кандидаты ОСК-ға құжаттарын тапсырды Бүгін президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. Нұрлан Әуесбаев ОСК-нің кандидат құжаттарын қабылдау комиссиясына: - жеке куәлігінің көшірмесін; - республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының ҚР президенттігіне кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме мен түпнұсқасын; - ҚР президенттігіне кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін; - ҚР президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректерін; - ҚР президенттігіне кандидаттың Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатын; - дипломдарының көшірмелерін; - мемлекеттік қызметтігі немесе сайланбалы лауазымдағы жұмыс өтілі туралы мәліметтерін тапсырды. «Көңіл күйім өте жақсы. Әрине, қобалжу болды. Құжаттарымның бәрін қабылдап алды. Кандидат ретінде тіркелгенімді не тіркелмегенімді екі күннің ішінде хабарлайтын болды. Азаматтардың 118 мыңнан көп жоғары қолын жинай аламын деп сенемін. Мені қолдайтын халық, күшті партия бар. Еліміздің патриоты ретінде Президентімізді сыйлаймын. Ал додаға кім жеңілемін деп түседі?! Жеңуіміз керек!», - деді Нұрлан Әуесбаев құжаттарын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665119585
08.10.2022
Президенттік сайлау: екі мекеме қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен «АМАНАТ» партиясының Қоғамдық саясат институты» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама жіберді. 2022 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 2 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті: 1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты); 2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі. Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады. Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұд туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы екенін еске салады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665121799
08.10.2022
ҚР МҚІА: жас мамандарды аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметке іріктеу конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы жұмыс сапарымен Жетісу және Алматы облыстарына барды. Іссапар барысында Дархан Жазықбаев өңірлердің мемлекеттік қызметшілерімен, Агенттіктің аумақтық департаменттері және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке «кіру» және одан «шығу» талаптарының жеңілдетілуі, мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметті сервистік сипатта ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың басты мақсаты – халық үніне құлақ асатын, ашық, адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру екендігін атап өтті. Сапар аясында Дархан Жазықбаев Жетісу өңірінің жас мемлекеттік қызметшілерімен арнайы жүздесіп, Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысымен танысты. Жүздесу барысында Агенттік тарапынан жас мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдету бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалып, соған сәйкес жоғары оқу орындары мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) жоғары деңгейді көрсеткен жас маман иелерін аудандық және ауылдық деңгейдегі төмен лауазымдарға конкурстан тыс негізде қабылдау көзделіп отырғанын жеткізді. Мұнан әрі іссапар Жетісу облысының Көксу және Алматы облысының Іле аудандарында жалғасты. Онда Агенттік төрағасы жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызмет көрсету субьектілерімен кездесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтің сапасымен танысты. Сапар қорытындысында Дархан Жазықбаев «Жетісу» телеарнасына Агенттіктің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайлы сұхбат берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665114864