"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келеді-ОСК Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ҚР президенттігіне ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаевтың талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады «Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевқа қатысты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституциялық және «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңы талаптарына сәйкес келеді. Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметке сай, Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 67 жыл бойы тұрады», - деді Асылбек Смағұлов. Сондай-ақ ол лингвистика комиссиясы кеше аталған үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы қорытынды шығарғанын еске салды. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған мәліметке сай, Ж.Дайрабаевтың мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 7 жыл. ҚР Әділет министрлігі ұсынған мәліметке сай, ҚР президенттігіне кандидат ұсынған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар», - деді ОСК мүшесі.

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст