Текст
11.10.2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665401603
11.10.2022
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген. Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665402716
11.10.2022
Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгеріс енгізетін заң ратификацияланды Ақорда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгеріс енгізетін заңды ратификациялады. Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665400211
11.10.2022
7,8 млн ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым көмек көрсетеді Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстандағы ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары тақырыбында Үкіметтік сағат өтеді. Іс-шара ғимараттың алдындағы алаңда көлік медицинасы құралдарын, санитарлық автокөлікті, жылжымалы дәріхана пункттерін көрсетуден басталады. Сонымен қатар, Парламент холлында көрме ашылады, онда стендтерде үш ауданаралық аурухана мысалында үздік тәжірибелер орталықтарының жұмысымен танысуға болады. Бұл Еңбекшіқазақ, Аягөз және Меркі Орталық көпсалалы ауруханалары, олар медициналық-әлеуметтік қызметтер мен профилактикадан бастап инновациялық, көпсалалы тәсілді қолдана отырып жоғары технологиялыққа дейінгі медициналық көмектің кең спектрін ұсынады. Қазақстандық денсаулық сақтауды цифрландырудың жетістіктері екі Led-экранның көмегімен ұсынылатын болады, онда онлайн режимде eDensaulyq бөлімінде қолданыстағы сервистер таныстырылады. Бүгінгі таңда әрбір азамат EGOV mobil мобильді қосымшасы арқылы өз денсаулығына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алады. Бұған жазылған рецепттер, аурухана парақтары, диспансерлік есеп, дәрігерге жолдама, ауруханаға жатқызу фактілері және т.б. кіреді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665371844
11.10.2022
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады», - деп жазды Архимед Мұхамбетов. Шынында да, салыстырмалы екі фотосуретте бір айдың ішінде ен далада тұтас бір коттедждік ауыл қалай тұрғызылғаны байқалады. Сондай-ақ, А.Мұхамбетов дайын үйлердің бірінің іші қалай көрінетінін видеосын жариялады. Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ондаған мердігер ұйымдар кіріскені хабарланған болатын. Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665373121
11.10.2022
Қыркүйек айында білім және ауыл шаруашылығы саласының жұмыскерлеріне жоғары сұраныс байқалды 2022 жылдың қыркүйек айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі - ЭЕБ) 115,6 мың бос жұмыс орны және 82,3 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 3,6% – ға, ал өзекті түйіндемелер саны 12,4% - ға азайды. Жалпы, бос жұмыс орындарының саны түйіндеме санынан 29% - ға асып түсті. «Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ЭЕБ-да орналастырылған түйіндемелер саны 11,7 мыңға азайды, олардың басым бөлігі жоғары білікті қызметкерлерге тиесілі. Оның ішінде, тамызбен салыстырғанда, білім беру саласы мамандарының ұсыныстары айтарлықтай қысқарды, түйіндеме саны 8,7 мыңға азайды. Бұл ретте біліктілігі жоқ қызметкерлер тарапынан ұсыныстар саны өсті. Осы санаттағы ізденушілер саны алдыңғы аймен салыстырғанда артып, 2,4 мың түйіндемені құрады», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская. Сарапшы қыркүйекте еңбек нарығындағы мамандардың жоғары тапшылығы Алматы (бос орындар саны түйіндеме санынан 7,4 мыңға көп) және Астана (5,2 мың) қалаларына, сондай-ақ Қостанай (6,6 мың) және Қарағанды (6,5 мың) облыстарына тән екенін хабарлады. Ал кәсіптік салалар бөлінісінде білім беру және тәрбие (7,5 мың), құрылыс (6,1 мың) және өндіріс (5,4 мың) салаларының мамандары арасында қатты тапшылық байқалды. Қыркүйек айында білім беру саласының мамандары үлкен сұранысқа ие болды, олар ЭЕБ-дағы барлық бос жұмыс орындарының бестен бір бөлігінен астамын құрады – 24,8 мың. Бұл ретте кейбір өңірлерде осы салада мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Осылайша, кадр тапшылығы Қарағанды облысында (1,4 мың) және Алматы қаласында (1,3 мың) тіркелді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665374821
11.10.2022
ЕҚЫҰ Қазақстанды «БАҚ туралы» заң бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен онлайн форматта кездесті. Министр Рибейро ханымға Қазақстанда Президент жүргізіп отырған реформалар, отандық медиа саласының дамуы, журналистердің құқығын қорғау және мәртебесін көтеру, сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты. Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы реформаларында ақпарат құралдарын дамытуға да назар аударылғанына тоқталып, медиа заңнама жобасына қатысты бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты. Кездесу қорытындысында Дархан Қуандықұлы Рибейро ханымды жуырда өтетін Astana Media Week іс-шарасына шақырды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665377463
11.10.2022
Қазақстандық колледждерде 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасы жаңартылды Қазақстандық колледждер 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлеп, жаңартты. Олардың барлығы Тізілімге (білім беру бағдарламалары) енгізілген. Бағдарламаларды әзірлеу үшін еңбек нарығының қажеттіліктерін білетін жұмыс берушілер тартылды. Әсіресе жұмыс орнында белгілі бір мамандықты игеру үшін қандай дағдылар мен машықтар қажет екендігі туралы жұмыс берушілердің пікірі ерекше ескерілді. Мысалы, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС ұсынысы бойынша «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларына ауыл шаруашылығы техникасының электрика, гидравлика, трансмиссия, навигация және отын жүйелері бөлімдерін оқыту қосылды. Колледждердің әлеуметтік серіктестерінің, Discovery Borovoe шипажайының ұсынысы бойынша «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына вегетарианшыларға арналған тағамдарды, диеталық және дұрыс тамақтанатындарға арналған тағамдарды дайындау дағдылары мен машықтары енгізілген. «Барлық білім беру бағдарламасы МЖМБС және кәсіптік стандарттардың сәйкестігіне сараптамадан өтіп, оларды әрі қарай Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізеді. Осылайша, білім беру бағдарламаларын сараптау бүгінгі еңбек нарығының қажеттіліктеріне және талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды таңдауға мүмкіндік берді. Оқытудың мынадай бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді: инженерлік, өңдеу және құрылыс технологиялары, білім беру, қызмет көрсету саласы, қаржы және құқық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және т.б. Әзірленіп жатқан білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін колледждер жанындағы Индустриялық кеңестер санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылданды. Бұрын олардың саны 513 болса, қазір 578-ге жетіп отыр. Яғни білім беру бағдарламаларын әзірлеуге атсалысатын жұмыс берушілер саны көбейіп келеді. Бұл «Қазцинк» ЖШС, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «ТНК» АҚ филиалы, «Дон тау-кен байыту комбинаты», «ҚазХром», «BOSCH Service» ЖШС, «Бипек Авто Қазақстан» АҚ, «Астана Ютария ltd» инновациялық өндірістік компаниясы» ЖШС және т.б. ірі кәсіпорындар», - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова. Отандық колледждерге академиялық еркіндік берілгенін еске сала кетейік. Енді бұл жұмыс берушілермен бірге студенттердің оқу мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бұрын оқу мерзімі орташа есеппен 2 жылдан 4 жылға дейін болса, енді колледждер мамандықтың күрделілігі мен қажетті оқу нәтижелерін ескере отырып, оқу мерзімін өз бетінше анықтауға мүмкіндік алды. Білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімдері оқу жоспарларының үлгілері бойынша кредиттер көлемімен анықталады. Яғни негізгі орта білім негізінде жұмысшы біліктіліктерін игеру үшін біліктіліктің күрделілігіне қарай 120-дан 180 кредитке дейін талап етіледі. Мысалы, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде «Техник-механик» біліктілігімен «Дәнекерлеу ісі» және «Техник-құрылысшы» біліктілігімен «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқу мерзімі қысқартылды. Бұрын студенттер орта буын маманының бір ғана біліктілігін алса, енді олар жаңа форматтағы білім беру бағдарламалары бойынша сол уақыт аралығында жұмысшы біліктілігін де, орта буын маманы біліктілігін де меңгеруге мүмкіндік алды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665391126
11.10.2022
Жаңа тау-кен металлургия кешені жылына 5 млн тоннаға дейін кен өңдеуге қабілетті Ақмола облысындағы Райгородок кен орнын игеретін RG Gold алтын өндіру компаниясы жылына 5 млн тоннаға дейін кен өңдеуге қабілетті жаңа тау-кен металлургия кешенін іске қосты. Жаңа кәсіпорын компанияға Доре қорытпасындағы алтынның жылдық өндіріс көлемін 6 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаны іске қосу рәсімінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан металлургия отандық өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып табылатынын атап өтті. «Біз осы жылдың негізгі жобаларының бірін іске қосып жатырмыз. «RG Gold» ЖШС жаңа кешені Мемлекет басшысының өңірдің индустриялық-инновациялық әлеуетін нығайту бойынша алға қойған стратегиялық міндеттерін іске асыруға елеулі үлес қосады деп санаймын», – деді Иран Шархан. Кешенді халықаралық инжинирингтік компаниялар өндірісті автоматтандыруға және металлургияда жаңа технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып жобаланған. CIP («Carbon in pulp» - «Қойыртпақты көмір») әдісі бойынша жұмыс істейтін зауытты бас мердігер «AAEngineering Group» 1,5 жылдың көлемінде салған. Кәсіпорын Metso Outotec, ThyssenKrupp, FLSmidth, Weir Minerals, Roytec, Kemix тәрізді әлемдік көшбасшылардың заманауи құрылғыларымен жабдықталған. Жоғары технологиялық құрылғыларды пайдалану персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және операциялық шығындарды үнемдей отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. RG Gold ТКМК жобалау және салу кезінде қоршаған ортаға шығатын қалдықтардың нөлдік деңгейі қағидатын ұстанады. Кәсіпорында цианидті залалсыздандыру халықаралық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Алдын-ала тазартудан және залалсыздандырудан кейін барлық қалдық халықаралық мамандардың қадағалауымен арнайы салынған, көлемі 8 млн текше метрден астам қалдық қоймасына жіберіледі. «Пандемия мен геосаяси жағдайдан туындаған логистикалық қиындықтарға қарамастан, тау-кен металлургия кешенінің құрылысы небәрі 18 айдың ішінде аяқталғаны үлкен жетістік болып табылады», – деп атап өтті RG Gold бас директоры Лоуренс Россоу. Жаңа өндірісті іске қосу өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін беріп, ірі кәсіпорынға тауарлар мен қызметтерді жеткізе алады деп күтілуде. Жобаны іске асыру үшін компания 600 орындық жаңа вахталық кент салып, қосымша 350-ден астам адамды жұмысқа тартып отыр. Олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665391461
11.10.2022
Бас прокуратурада капиталды шетелден қайтарумен айналысатын қызмет құрылды Мемлекет басшысының елге заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде осы бағыттағы барлық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 қазандағы №1029 Жарлығымен Бас прокуратурада Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі құрылды. Бас прокуратура құрылымындағы бұл өзгерістер елден капиталдың кетуіне және шығарылған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Құрылған Қызметтің негізгі міндеттері – экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және тауар нарықтарын монополиясыздандыруға, сондай-ақ шетелден заңсыз активтерді репатриациялауға ықпал еткен жағдайларды анықтау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665392813