"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Cенат жанындағы Жас сарапшылар клубында Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық басымдықтары талқыланды Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды талқылап, оларды іске асыруға арналған ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шараға еліміздің ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты. Отырысты ашқан Сенат Төрағасы жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту, ұлттық табысты әділ бөлу және басқа да стратегиялық бастамалар жаңа экономикалық саясаттың басымдықтары екенін айтты. «Баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту және экономиканы одан әрі монополиясыздандыру Жолдауда белгіленген бірінші кезектегі міндеттер екені анық. Сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін түсінікті және болжамды экономикалық саясат керек. Президентіміз қаржы секторын жандандыру үшін жаңа Салық кодексін әзірлеуді тапсырды. Бүгінде бұл бағытта тиісті жұмыстар басталып та кетті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы кедендік әкімшілендіру және бюджеттік саясат салаларын жақсарту бойынша айтарлықтай реформа жүргізу және нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтты», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат Төрағасы Жолдауда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жаңа моделін енгізу және несие ресурстарының тапшылығын шешу арқылы кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға ерекше назар аударылғанын да атап өтті. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы пандемияның шектеулі ресурстар жағдайындағы ел экономикасына тигізген салдарын ескере отырып, бірқатар негізгі басымдықты белгілеп бергеніне назар аударды.

06.10.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1664938635

Просмотров: 160


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст