"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдаудан еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін: Қазақстанда жұмыспен қамту саласында онлайн супермаркет құрылады Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) базасында Бірыңғай цифрлық экожүйе немесе басқаша айтқанда, жұмыспен қамту саласындағы онлайн қызметтер супермаркеті құрылатын болады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында: мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін қолдап отырады. Бүгінгі таңда ЭЕБ базасында жұмыспен қамту саласындағы болашақ супермаркеттің 6 негізгі құрамдас бөлігінің 5-еуі іске асырылды. ЭЕБ негізгі элементі – бұл жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң Enbek.kz. Ол 205 жұмыспен қамту орталығынан, 44 жеке жұмыспен қамту агенттігінен және 5 онлайн жұмыспен қамту алаңынан бос орындарды шоғырландырады. Бұл алаңда азаматтар бағыттар, кәсіптер және дағдылар бойынша лайықты бос жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер – олардың талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді іздей алады. Бұл ретте Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің ұлттық ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі бар «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де жұмыс табуға болады. «ЭЕБ арқылы жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді де оңай алу мүмкін болады. Өткен жылы 126 мың адам онлайн форматта жұмыссыз ретінде тіркелді. Платформа арқылы азаматтар жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем алуға, субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару үшін өтініш бере алады. Биыл аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ЭЕБ арқылы 314,2 мыңнан астам адам пайдаланды», – деп, атап көрсетті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов. Сондай-ақ ЭЕБ базасында халық үшін қажетті дағдылар бойынша Skills Enbek – маркетплейс курстарының онлайн оқыту платформасы жұмыс істейді. Оқыту барлық ниет білдірушілер үшін қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Бүгінгі таңда 157-ден астам курс орналастырылған, олардың 103-і тегін.

03.10.2022

https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664780035

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст