"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ішкі көші-қонды ұйымдастыру бағдарламасына өзгерістер енгізілуде Қазіргі кезде Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Жақын арада құжат Үкіметке енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Оның айтуынша, бұған дейін сұранысқа ие, тапшы мамандықтар бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту үшін бір жылдық квота берілетін. Енді бұл мерзім 3-5 жылға дейін ұзартылмақ. Осы уақыт ішінде мамандарды тартып қана қоймай, оларды дайындау да жолға қойылмақ. Ішкі миграцияға тоқталған министр негізгі мәселе азаматтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіріп қана қоймай, сонымен қатар онда жұмыс орнының, баспананың болуы екенін атап өтті. «Бүгінде көші-қонды ұйымдастыру бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Біріншіден, онда баратын азамат алдымен жұмыс орнын белгілеуі қажет. Қажетті келісімшартты жасағаннан кейін оған қоныс аударуды ынталандыру үшін қоныс аудару аумағындағы тұрғын үй құнының 50% дейін өтемақы алуға құқық беретін ұтқырлық сертификаты беріледі. Ол бұл қаражатты үй салуға немесе сатып алуға, не болмаса Отбасы банкке алғашқы жарна ретінде салып қоя алады», - деді ведомство басшысы.

27.09.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1664189495

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст