Текст
Балаларға жолда қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін жеткізудің ең тиімді әдісі өздері қатысатын ойын болып табылады. Ойын барысында балалар жолдың жүру бөлігінен дұрыс өтуді үйреніп, жолдарда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алда не күтіп тұрғанын ескертетін белгілермен танысты. Машиналармен ойнау кезінде олар машиналардың жеңіл және жүк көліктер болатынын анықтап, көлікте өзін-өзі ұстау ережелерін меңгеріп, сонымен қатар жолдан өту кезінде бағдаршам бағдарымен танысты.