ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
2017-2018 оқу жылы
ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;
- балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық əдістер мен технологияларды енгізу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.
2017-2018 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінде білім беру процесі Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1- қосымша), Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сəйкес ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (бұдан əрі – Стандарт) мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
- апталық циклограмма;
- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Стандартта айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас жəне жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Əлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тəрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс. Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны №1 Педагогикалық кеңесте қарастырылады жəне бекітіледі. Мектепке дейінгі ұйымда педагог-мамандар бар болған жағдайда, олар Перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сəйкес құрайды, нақты жас тобының Перспективалық жоспарында педагог-маманның жоспарына сілтеме жасалады. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды əдіскер немесе тəрбиеші құрастырады. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған Перспективалық жоспар қарастырады. Перспективалық жоспарға сəйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу іс-əрекеті, серуен, балалардың үйге қайтуы, т.б. күн тəртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын жəне өтпелі тақырыптарға сəйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары
Перспективалық жоспарға сəйкес анықталады; - өтпелі тақырыптың мазмұнына сəйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
5 - Үлгілік бағдарлама мазмұнына сəйкес балалардың сапалы жəне толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, əдістер мен тəсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру. Күн тəртібі,
Перспективалық жоспар, Циклограмманың құрылымы əрбір топқа мектепке дейінгі ұйымның №1 Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
Балалардың даму деңгейлерін қадағалау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан
әрі-Стандарт) сәйкес баланың жетістіктерінің мониторингі негізінде 3 деңгейде жүзеге асырылады:
1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3-деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады.
Оқу жыл ішінде негізгі дағдылардың даму динамикасы 3 мәрте өткізілетін мониторинг нәтижесінде бақыланады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында жүргізіледі:
- бастапқы –1-10 қыркүйек;
- аралық – 10-20 қаңтар;
- қорытынды – 15-25 мамыр.
Бастапқы бақылау алдыңғы жастағы топтың (ІІ жарты жылдықтың күтілетін нәтижелері) мәліметі негізінде жүргізіледі. Осы диагностика негізінде тәрбиеші психолог және педагог-мамандармен бірлесе отырып баланың жеке даму деңгейін анықтайды, сондай-ақ, алдағы жылы балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталады.
Қорытынды диагностика ІІ жарты жылдықтың күтілетін нәтижесі негізінде оқу жылының соңында (мамырда) жүргізіледі.
Балалардың даму деңгейінің мониторингін жүргізу барысында педагог:
- Стандарт талаптарын;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнын;
-Ақпараттық технологиялар негіздерін;
- Баланың жеке даму картасын, Бақылау парағын (топ бойынша) толтыру тәртібін білу керек; - мектепке дейінгі педагогика мен психология теория негіздерін; - баланың даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаятын құру, іскерлік ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар, түрлі іс-әрекеттің өнімді нәтижелерін және т.б. - алынған деректерді сақтау үшін техникалық құралдарды; - ақпараттық-коммункативтік
технологияларды игеруі керек.
Баланың бағдарламалық материалды игеру нәтижелері 10 балдық жүйе бойынша бағаланады:
I – деңгей- 1ден 3 балға дейін;
ІІ деңгей – 4 балдан 6 балға дейін;
ІІІ деңгей – 7 балдан 10 баллға дейін.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі , Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайларды жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті- құқытық құжаттардың тізбесі:
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
2.«Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы.
3.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздер туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V Заңы. 4.«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы. 5. «Кемтар балаларды əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы. 6., «Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 жарлығы. 7. «Балаларды мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары» ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы. 8. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау жəне балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сəуірдегі № 172 қаулысы. 9.«Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы. 10.«Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы. 11.«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы. 12.«Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы. 13.«Білім жəне ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. 14.«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын,оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы. 15.«Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы 16. «1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.