Дидактикалық
ойындардың бала өміріндегі маңызы
Ойын –баланың өмір танымының алғашқы қадамы. Кез келген бала үшін-балалық өмірдің басты қызығы.
Оның ой өрісінің дамуы да, айналасындағы өзгеріс, жаңалықтарды білуге құштарлығы да ойын арқылы жүзеге асады. Нақты айтқанда, ойынсыз баланың қалыптасуын елестету мүмкін емес. Десек те ойынның түрлері көп. Соның ішінде баланың дүниетаным аясын кеңейтетін танымдық ойындардың маңыздылығы зор. Тәрбиешілік тәжірибемізде белгілі болғанындай мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні импульсивті болғанымен, қабылдау, есте
сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған болып келеді. Баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Бала ойында өзін еркін
ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Дидактикалық ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, баланың ізденімпаздық, тапқырлық, өзара ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырып, байланыстырып сөйлеу тілі дамиды. Сондықтан балабақшада кез келген оқу қызметін өткізу үшін дидактикалық ойындарды қолданысқа енгізген қолайлы.
Қазіргі таңда балалардың заманауи техникаларға, компьютер, планшет, ұялы телефон, ғаламтор ойындарына
қызығушылықтары басым. Бұл мәселенің алдын алу тек тәрбиешінің ғана емес ата-ананың да міндеті. Сондықтан баланы ерте жастан өз ана тілінде дұрыс сөйлеуге, ұлттық рухта, өз халқының әдет-ғұрып салт-дәстүрін дұрыс
түсініп өсуі үшін атадан балаға мұра болып келе жатқан ғасырлар бойы жинақталған ауыз әдебиетінің, халық шығармаларының, ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ұлттық ойындардың алар орны ерекше.