ДЕНСАУЛЫҚ ТӘРБИЕСІ МЕН РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕСІ
(Ата-аналарға кеңес)
Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттердің бірі– жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көз қарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, сол денсаулықтарын келешектегі
өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылымда, өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйым тәрбиеленушілерінің денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты:
- дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын сақтау; -олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты
қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени
–гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене
тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Сондықтан балаларды мектепке дейінгі жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек.
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Қазіргі таңда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру - алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі.