"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.02.2018

XXI ғасыр - білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің  шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың

бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай-ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік –тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы - дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене

тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

-        Таңертеңгілік жаттығу

-         Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.

-         Спорттық жаттығулар.

      Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын-сауықтар).

Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Дене шынықтырудың нұсқаушысы Э.Г.Остоновамен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын-алу жаттығуларын жасатамыз. Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім,

ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендеу шаралары бәрі де баланың шынығып, шымыр болуына ықпалын тигізеді. Балабақшамыздың медбикесі Л.М.Фатеева балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден, фито шәй дайындап балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Осы кесте бойынша барлық топтарда жұмыстар жүргізіледі.

Кіші сала

1 жастан 3 жасқа дейін

3 жастан 5 жасқа дейін

5 жастан 6 жасқа дейін

 

Мәдени гигиеналық

дағдылар

Жеке бас

гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді.

Гигиеналық

шараларды орындау ретін біледі.

Гигиеналық

шараларды өздігінен орындауға ынта білдіреді.

 

 

Дене шынықтыру

Жүгіру, өрмелеу

және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді.

Өмірлік маңызды

қимылдарды өздігінен орындайды.

Негізгі

қимылдар-ды орындауда шығармашылық тәсіл білдіреді.

 

Өздігінен

қозғалу белсенділігі

Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды.

Саптық және

спорттық  жаттығуларды меңгереді.

Топтағы балалар-мен бірге қимыл-қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Салауатты өмір

салты

Қауіпті

жағдайда сақтық, шынықтыру шараларын өткізуде оң эмоция білдіреді.

Салауатты өмір

салы ережелерін біледі.Ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды.

Қауіпсіздік

ережелерін саналы түрде орындайды, шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.

«Денсаулық» білім беру саласының мақсаты:

өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға  табиғаттың берген басты құндылығы екенін

түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту, физикалық қасиеттерін қалыптастыру. «Денсаулық» білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде.

-        Дене шынықтыру іс-әрекеті

-         Валеологияда жүзеге асырылады.

«Денсаулық» білім беру саласында педагогикалық процеске қойылатын талаптар.

 

Білім беру саласы

1 жас- 2 жасқа дейін

2 жас- 3 жасқа дейін

3 жас-4 жасқа дейін

4 жас- 5 жасқа дейін

5 жас- 6 жасқа дейін

 

Денсаулық

 

2

 

2

 

2

 

2

 

3

 

 

ҰОІӘ ұзақтығы

 

7-10 мин

 

10-15 мин

 

15-20 мин

 

20-25 мин

 

25-30 мин

 

 

 

 Мектепке дейінгі ересек жас (5 жас – 6 жас)

- аптасына 2 реттен әлеуметтік ойын технологиясы негізінде топтың  дене шынықтыру іс -әрекетін қарастырады.

- Әлеуметтік ортада қауіпсіздік жүріс – тұрыс ережесін, өзінің денсаулығын сақтау тәсілдерін игеруге ықпал етеді.

- дене рефлексиясын қалыптастыру үшін режимдік процестер мүлкіндігін пайдалануды қамтамасыз етеді.

- Өздігінен қимыл, спорттық ойындар мен жаттығуларды қарастырады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын талаптар.

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша

- салауатты өмір салтының маңызын түсінеді және оны балаларға үйретеді.

- баланың дене дамуындағы проблемаларды анықтап, оны әрі қарай даму перспективасын жобалай біледі.

- баланың жыл бойы дене дамуының оң динамикалық нәтижелеріне қол жеткізеді.

- бала денесін дамыту мен сауықтыру бойынша өзінің іс-әрекетін отбасымен ынтымақтастық негізінде құрады.

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар. «Денсаулық» білім беру саласында отбасы

қанағаттандыру, оның өсуіне дамуын және денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге

- салауатты өмір салтының үлгісін (күн режимі, тамақтану, қимыл-қозғалыс белсенділігі) көрсетуге

- мәдени – гигиеналық және өзін-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға

- баланың денсаулығын есепке алып сауықтыру – шынықтыру шараларын ұйымдастыруға

- бала денесінің дамуы және қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін қауіпсіздік жағдайларын жасауға физикалық қасиеттерін, спорттық жаттығулар мен ойындарға қызығушылығын дамытуға тиіс.

Біздің №1 «Айгөлек» балабақшасында да жаңа стандарт талабына сай «Денсаулық» білім беру саласы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады.

         Отбасында тәрбие міндеттері. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне-өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік – қатынастық дамуына жан-жақты дамуына жағдай жасауға отбасы міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақшамен байланысын дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз. Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Балабақшаның ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі, эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау

естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл-күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни ата-анаға, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты. Іс- әрекеті, технологияны ертеңгілі бойжазу. Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске саламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 710


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст