Сюжетті-рольдік ойын "Аурухана" ортаңғы тобы
Сюжет"Дәрігер қабылдауына бару"
Дайындаған және өткізген тәрбиеші: Кенегесова Ж.Д
Мақсаты: Балаларды сюжетті-ролдік ойынды ойнап білу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: балалардың ойнауына жағдай жасау,нақты заттарды қолдана отырып олардың өз ойымен шығармашылық белсенділіктерін арттыруғ а ынталандыру.Бір –бірімен келісіп ойнау дағдыларын қалыптастыру арқылыдиалогтыдұрыс құрастырып сөйлеу қарым-қатынастарын дамыту.
Қалыптастыру балалар ойнай білу бойынша өз ойы, шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Балалардың есту және көрнекілі арқылы есте сақтау ,қиялдау, интонациялық сөйлеу қабілеттерін ояту. Дәрігер мамандындығына құрметпен қарауға және құрбы –құрдастарына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: сандықша, жұмбақтар, ақ халат, телпек докторы, ойын жиынтығы "Дәрігер", медициналық карталары әрбір науқасқа және геометриялық фигуралар, қуыршақтар.
Словарная работа: дәрігер-педиатр, медбике -медсестра, фонендоскоп, шприц, термометр, рецепт-
Алдын-ала жұмыс: саяхат-кабинет, медбике, құрал жабдықтар , өлең, оқу, сюжетті суреттер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар кәне бір-бірімізге қарап жақсы тілектер тілейікші.
Негізгі бөлігі өтті.
Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы, менде қандай әдемі сандықша.Бұл сандық кімге тиесілі екенін көрейік.
Іш ауырса,тіс ауырса
Бізге дәрі береді
Барлық бала ,барлық ана
Оны жақсы көреді.
Баллар: Ол дәрігер
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар ол дәрігер, бізді жақсы көреді емдейді,өзі аққөңіл.
Балалар дәрігердің құралдарын атап көрейікші(фонендоскоп, шприц, градусник,
мұрын тамшылары, шпатель...) жарайсыңдар балалар дәрігердің заттарын біледі
екенсіндер.
-Балалар кім айтады сонымен біз қандай ойын ойнаймыз?
Балалар- «Дәрігер» ойыны
Ал енді біз ойын бұрышына барамыз, балалар қуыршақтармыздың көңіл-күйі неге жоқ?
Балалар- олар ауырып тұрған сияқты
Тәрбиеші-Оларға кім керек?
-Дәрігер
Тәрбиеші –Қандай дәрігерлерді білесіңдер?
Балалар-педиатр, хирург, тіс дәрігері
Тәрбиеші-Сендер ауырсаңдар дәрігерге кіммен барасыңдар? Балалар жауабы
тыңдалады
Сергіту сәті
Әжеме тіс саламын,
Көзіне әйнек тағамын.
Сондықтан да өскенде
Мен дәрігер боламын.
Ролдарды бөліп беру (ойын барысы)
Балалар қазір біз дәрігерді таңдаймыз –ол бізде Айлана. Сен келген ауру қуыршақтардың ауруын тексеріп ,қалай емделетінін айтасын.
Айлана өзіне медбике таңдайды .
Медбике бізде Жаннұр ауырған кісілерге ине қоясын , температурасын өлшейсін, дәрі бересін.
Тазалықшы Айгерім мен Жанел тазалыққа жауап бересіңдеро
Тіркеу бөлімінде Сабина,Бекасыл ,Әділ істейді ауырып келген қуыршақтарды жазып отырасындар.
Енді ақ халаттарымызды киіп бөлінеміз.
Тіркеу бөлімінде ауырған қуыршақтар кімнен кейін кіретінін тіркеушіден талон алып кіреді.
Тіркеу бөліміндегі диалог
Қуыршақ-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметсіз бе?
Аты жөніңіз? Қай жеріңіз ауырады?
-Тамағым ауырады
-Онда сіз педиатрға барасыз.Талонды алып күтіп отырады.(геометриялық
пішінді бар карталарды алады)
Тәрбиеші емханада қабылдау басталатынын айтады .Қуыршақтар ретімен тұрып қабылдауға кіреді.Кірместен алдын есікті қағағуды,амандасуды ескерту.
Диалог(Дәрігермен,емделуші)
Е:Сәлеметсіз бе!
Д:Сәлеметсіз бе !
-Қызыңызды қай жері ауырады қалай?
Е:қызуы көтеріліп ,жөтеледі
Д: Уайымдамаңыз тексеремін
Дәрігер тексеріп қуыршаққа дәрі дәрмек жазып береді.Осы жазып берге дәрілерді уақытылуды қолданып отыруды ескертеді.
Е: Рахметін айтып шығып кетеді.
Сыртта күтіп отырған ауруларға шулап ,жүгірмеуді,ұрспауды ескертеді.
-Ал емделушілерді күліп қкрсы алады тазалықшылар күліп
Ойынның соны .Енді кеш болда емхан жұмысы аяқталды.Халаттарды шешіп іліп қояды.Ата-аналарға емханадан дәрілерді алып балаларға уақытлы беруі ескертіледі.Осылай емделіп отырсақ біздің топта ауру қуыршақтар болмайды. Қатысушыларға дәрумендер таратылады.
Біргелікте балалар айтады
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенде
Өзімді өте сүйем
Ақ халаты үстінде,
Аппақ оның ісі де,-
Ауырсаң сен емдейді
Келеді түн ішінде.