"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жыл сайын 6 мыңға жуық қазақстандық 2,5 пайыздық несиені пайдалана алады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында белсенді жастармен, еріктілермен, жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ведомство іске асырып жатқан жас мамандарды жұмыспен қамту және жастарды қолдаудың басқа да шаралары туралы айтты. Тамара Дүйсенова сөз басында Мемлекет басшысы өз Жолдауында жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек ресурстарының сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті. Министр жастарды іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасуға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, ол жастардың Қазақстанның кез келген өңірінен жұмыс таба алатынын атап өтті. «Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл платформа жұмыс іздеудің де, жұмысшыларды іздеудің де бірыңғай алаңына айналды. Қазір Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 111 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынған. Жастар – халықтың ең мобильді санаты, Электрондық еңбек биржасының көмегімен елдің кез келген өңірінде жұмыс таба аласыз», – деді Тамара Дүйсенова. Министр Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс тауып қана қоймай, таңдалған бағыт бойынша онлайн курстардан өтіп, жаңа кәсіби дағдыларға үйренуге болатынын атап өтті.

07.10.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1665032293

Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст