Балаларды күн көзімен шынықтыру .
Барлық тірі тіршілікпен бірге күннің көзі бала ағзасына да әсер етеді. Ол бойды жетілдіреді, зат алмасуды жылдамдатады, жүйке жүйесін нығайтады, ағзаның инфекцияға қарсылығын жоғарлатады.
Жаз шынықтыру шараларының бірі « жалаң аяқ жүруге» нағыз назар аударатын кез. Балалардың көбісі жалаңа яқ жүруді ұнатады. Жаздың ыстық күндері балабақша тәрбиеленушілеріне шөпте, құмда жалаң аяқ жүруге мүмкіндік бар. Шынықтыру аяқ табанының температураны бірден қабылдауына сезімтал келеді және соның салдарынан ауруды азайтады. Жалаңа яқ жүру қазір балалардың көбісі зардап шегетін жалпақ табанды ескертуі мүмкін, ал кейде жалпақ табанды емдейді. Жалаң аяқ жүру кезінде барлық ағзадағы бұлшықеттердің қызмет қарқындылығын арттырады, қан айналымын ынталандырады, ақыл-ой қызметін жақсартады.