Текст
Ертегіден басқа не ғажап болуы мүмкін?.... Тосын сыйлар мен оқиғаларға толы, кейіпкерлер кедергілер мен қиындықтарды жеңіп батыл әрі ақылды бола түседі, соңында батырлығы үшін марапаттау күтіп тұратын таңғажайып әлем.
5 маусымда біздің балабақшада «Почемучки» пен «Светлячок» топтарының тәрбиешілерінің қатысуымен "Мысық, әтеш, түлкі" атты қуыршақ театры болды. Ертегіні балабақшаның музыка жетекшісі А.К. Керейбаева ұйымдастырды. Балаларға қуыршақ қойылымы қатты ұнады. Олар сондай қызығушылықпен ертегі кейіпкерлерін бақылады. Олармен бірге ән айтты және кейіпкерлерге көмектесті. Балалар тағатсыздана жаңа қойылым мен жаңа ертегі кейіпкерлермен кездесуді күтеді.