"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық шеберлік онкүндігі №12 « Ақбота» логопедиялық ортаңғы тобы, логопед Бекей Светлана Білім беру саласы; Қатынас Арнайы түзеу оқу қызметі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Үй құстары» Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Дыбыстарды анық айтуға машықтау "Алдында-артында-жанында", үстеу сөздерінің мәндерін түсінуді үйрету. Жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын дамыту. 4К моделін қалыптастыру .Диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара алуын бекіту. Арнайы түзеу оқу қызметі барысында балалар «Үй құстары» фермасына саяхат жасады. Жұмыртқаларды тауып ондағы суреттер бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындады. . «Қандай құс?» «Не артық?», «Құстың орынын ата! »» ойындар барысында балалар жекеше, көпше зат есімдерді, алдында-артында-жанында", үстеу сөздерді дұрыс қолдануды үйреніп, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысты. Балалар, оқу қызметі соңында, тақырып бойынша алған білімдерін бидай жармасында сурет салу арқылы бекітті.

26.04.2022
Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст