"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық шеберлік онкүндігі. Шуакбаева Кулайм Нысанбаевна. Арнайы орта, 1санатты тәрбиеші. ✓11"Жулдыз"Ортаңғы тобы. Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі: Көркем әдебиет. Тақырыбы: "Ақшақар" ертегісі. Мақсаты: Бала ертегі мазмұнын түсіне алады, тыңдайды, кейіпкерлердің мінез —құлықтарын мимикамен көрсете алады, интонациясын қабылдай алады, оқиғаларға өз көзқарасын білдіре алады. Бала ертегі мазмұнын игерген. Халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлерін бейнелеу арқылы адамгершілік қарым—қатынаста бола алады. Сөздік қорлары жетілген. Жыл мезгілдері туралы білімдері, ойлау қабілеттері дамыған. 4К моделі дағдылары бала бойына қалыптасқан. Ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттерін бойына сіңірген. Барысы: Бұл ұйымдастырылған оқу қызметін балалар шаттық шеңберімен бастады. Қыс мезгіліне сәйкес сұрақтарға жауап берді. Балалар үстел үсті театры арқылы "Ақшақар" ертегісімен танысады. Балалар қуыршақтарды қолдана отырып, ертегі мазмұнын айтып, сұрақтарға жауап берді. Оқу қызметі барысында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Д/О "Ақшақарға тілектер" (Командалық жұмыс 4К моделі) Ойынның барысында балалар гүлдің күлтелерін пайдалана отырып Ақшақарға жақсы тілектер айтты.Командалық жұмыста ұйымшылдық танытты. Сергіту сәтінде музыка ырғағымен түрлі қимылдар көрсетті. Ойын"Ақшақар тонын безендіреміз"(креативтілік, 4К моделі) Ойын барысы: балалар дайын контурлы ақшақардың тонын әр түрлі жылтыр қағаздармен безендіреді. Ойын барысында балалар сұрақтарға толық, нақты жауап бере біледі. Балалардың ертегіге деген қызығушылығы артып, мейрімділік, адамгершілік, сыйластық қасиеттерін бойларына сіңірді.

25.04.2022
Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст