"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ БОЙЫНША   БІЛІМІ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ "АЙГӨЛЕК" №1 БАЛАБАҚШАСЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК  КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ  ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД №1 "АЙГӨЛЕК"  ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ  ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бiз әлеуметтік желідеміз

                       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өсу мүмкіндіктері. ИИДМ басшысы мысты қайта өңдеу ШОБ дамуына қалай әсер ететінін айтты Неге жер қойнауының байлығын шикізат түрінде шетелге береміз? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтардың сұрағын айтты. 2,6 млн тонна мыс концентратының 1,5 млн тоннасы қайта өңделеді, ал 1,1 млн тоннасы – резерв. Шетелге әкетуді болдырмау және ішкі қайта өңдеуді жолға қою үшін жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы жоспарланған. «Қазір инвесторлармен де жұмыс істеп жатырмыз. Егер осы жобаны іске асыруға қатысуға ниет білдірушілер болса, бұл құны 1 млрд АҚШ долларынан асатын айтарлықтай ірі жобалар. Сондықтан біз үшін олар өте маңызды. Неге? Ел ішінде өңдеп қана қоймай, келесі өнім, келесі шикізат дайын өнімді жасап шығаруға мүмкіндік береді, ал бұл шағын және орта бизнес үшін ондаған, жүздеген кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Біз қазір экспорттап отырған мыс концентраты елге 1,4 млрд доллар әкелсе, ал катодты мыстың одан әрі өңдеусіз экспорты - 3 млрд доллар, яғни құны 2 есеге артады. Мыс саласы бойынша – қазіргі кезде 7 мың тонна өңделеді және 474 мың тонна резерв бар. Бүгінде 2024-2025 жылдары аяқталатын бірнеше зауыт салынуда. Бұл электр сымдары, қақпақтар мен сымдар, мыс құбырлар және т.б. өнімдер. Бұл жерде де өндіруші компаниямен уағдаластыққа қол жеткізілді, осы өңдеу зауыттарын салған жағдайда, олар өз өнімдеріне Лондон биржасында минус 3% жеңілдік береді. Сондықтан осындай бірнеше зауытты іске асыру бізге экспортты 200 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ШОБ дамыту үшін үлкен әлеуетіміз бар деп ойлаймын. Бизнес оның шикізаты бар екенін көреді, біз инженерлік коммуникацияларды, жер беруге және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайынбыз, біздің кәсіпкерлер үшін өсу мүмкіндігі бар», - деп атап өтті министр. https://ortcom.kz/kk/novosti/1649143040

06.04.2022
Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст