Қазақстан Республикасы
Президентінің 2018 жылғы
жолдауына қатысты пікірлер
Елбасымыз
Н.Назарбаевтің биылғы жолдауы басқа жолдауларға қарағанда өзгешелеу. Бұл жолдау
әсіресе мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметкерлеріне жақсы жаңалық
әкелді. Баланың ойлау қабілеттері ,
ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасатындығын
ескере отырып Н.Назарбаев мектепке дейінгі білім беру сапасын
түбегейлі жақсарту керектігін басты
назарға алды. Бұл бастама мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен білім беру
сапасын одан ары артта түсуіне септігін тигізетіндігіне сенімімміз мол.
Сондай –ақ,
ел болашағы, қоғамдағы әлсіз
түлғалардың бірі, балалар қауіпсіздігінің маңыздылығының атай отырып, бүкіл мектептер мен балабақшаларды
бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді
, соған сай психолог мамандардың жұмысын күшейтуді тапсырды.
Елбасымыздың бұл тапсырысы балалардың еркін, қолайлы жағдайда өмір сүріп білім алуына септігін тигізері анық.
Қоғамдағы түрлі өзгерістерге байланысты,
қазақстан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын одан әрі жақсару мақсатында
елбасымыз мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысының біртіндеп
көтерілуіне тоқталды. Бұл кез келген отбасының тұрмыс жағдайының көтерілуіне
мүмкіндік береді. Сонымен
қатар мемелекеттік қызметкерлерін тұрғын
үймен қамтамсыз ету жолдарын да атап көрсетті.
Жолдаудағы мемлекет алдына қойлыып отырған 10 бастаманың барлығы жүзеге асатындығына сеніміміз мол.
Бекей Светлана, тәрбиеші. Елбасының халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды.
Биылғы Жолдауда айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстанның қысқа мерзім ішінде
дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды
негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами
капиталды дамытуға ерекше назар аударды Жолдауда Президент қолдан келетін
мүмкіндіктер туралы айтқан. Әсіресе, онда
қызметтегі технологиялық жүйелік пен инфрақұрылымдық басқарудағы интеллектуалды
жүйелер мәселелеріне баса назар аударылған. Бұл экономика үшін өте тиімді.
Сонымен қатар Президент экономиканы дамыту үшін табиғи ресурстарды басқару
жолдарын қайта қарау маңызды екенін атап өткен.Жолдауда Президент ең бастысы цифрлық дәуір,
технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік
революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған.
Экономика, мемлекеттік басқару, тіпті агроөнеркәсіп саласын дамытудың өзінде
технологияларды енгізуге оны дамытуға басты назар аударылып отыр.
Атап
кеткен 10 міндетінің ішіндегі жаңашылдығы – инфрақұрылымдық жүйенің
интеллектуалдық басқару жүйесіне талаптарды күшейту. Бұл – интеллектуалдық
әлеуетті нығайту, сонымен қатар жеке адамның мүддесін ойлау, сондай-ақ
әлеуметтік құрылымдардағы жүйелілікті басқару.
Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының
айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені
мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да,
дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі
мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Әрбір үйде бала бар, ел боламыз десек,
баланы бесіктен тәрбиелеуіміз керек.
Омарова Айнұр Айтғалиқызы, тәрбиеші.